Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының кеңсесі (АСД) инновациялық саясат және Германияның агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялық жобаларды қаржыландыру тәжірибесі туралы вебинарлар сериясын жалғастыра отырып, «Германиялық Рентенбанк қызметі мысалында ауыл шаруашылығындағы инновациялардың дамуын қолдау» тақырыбында вебинар өткізді.
Іс-шараға "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ-тан Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаменті, Білім тарату департаменті, және "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС қатысты.
Іс-шараның лекторы нарықтар мен бизнес-циклдарды талдау бойынша Рентенбанк талдаушысы Макс Брандес болды. Ол әртүрлі жылдары KWS Saat SE, Claas, GIZ компанияларында, Жаңа Зеландия, АҚШ компанияларында жұмыс істеді және тағылымдамадан өтті.
Презентация аясында Макс Брандес банк қызметі, банк қызметтері, инновациялық қызметті қолдау құралдары, инновацияны анықтау критерийлері және инновациялық жобаларды қаржыландыру туралы айтты.
Дәріскердің айтуынша, банк стартаптарды бастапқы кезеңнен бастап қолдайды. «Біз технологиялық стартаптарға қысқа мерзім ішінде кәсіпкерлік ноу-хауды кеңейтуге арналған керемет платформа ұсынамыз», - деді Макс Брандес.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Рентенбанк ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді дайындау бойынша жұмыстарды жүргізуге қызығушылық танытты.
Жаңалықтар