Жаңалықтар
Елордамыз Нұр-Сұлтанда "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының" басшылығы АҚШ-тың іскер тобымен кездесу өткізді. Кездесуде қолға алынған ортақ жобалардың іске асу барысы және серіктестіктің келесі кезеңдері талқыланды.
Әңгіме барысында АҚШ елшілігінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша атташесі Тимоти Харрисон америкалық кәсіпкерлердің Қазақстанның АШӨ-сіне қызығушылығы жоғары екендігін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы АҚШ-тың Valmont компаниясымен ынтымақтастық орнатса, ал Қазақ ұлттық аграрлық университеті Азия Даму банкінің қолдауымен маңызды жобаны іске асыруда.