Жк, 02/16/2020 - 12:58
Жаңалықтар

Киреев Айтқалым Құсайынұлы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі.

А. Қ. Киреев 1943 жылы Новосибирск облысының Черепаново қаласында дүниеге келген. 1962 жылы Талғар ауылшаруашылық техникумының агрономиялық бөлімін үздік аяқтап, ал 1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін тәмәмдайды.

А. Қ. Киреевтің еңбек жолы В. Р. Вильямс атындағы егін шаруашылығы Қазақ ҒЗИ-мен байланысты. 1967-1970 жж. ол суарылмайтын егін шаруашылығы бөлімінің аға зертханашысы болып жұмыс істеді. 1971-1976 жж. – кіші, ал 1977 жылдан бастап 1987 жылға дейін – бұл бөлімнің аға ғылыми қызметкері болды. 1988 жылы конкурс бойынша тәлімі егін шаруашылығы мен дәнді дақылдарды өсіріп-өндіру технологиялар зертханасының меңгерушісі болып сайланды. 1994 жылдан 1997 жылға дейін – тәлімі егін шаруашылығы бөлімінің егін шаруашылығының бейімделген жүйесі зертханасының меңгерушісі. 1998 жылдан бүгінгі күнге дейін – егін шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылы Жалпы егін шаруашылығы мамандығы бойынша а.ш. ғылымының доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қорғады.

Ол Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстарының тәлімі егін шаруашылығы жерлері үшін топырақты қорғау жүйесінің негізгі әзірлеушілерінің бірі болып келеді. Сонау 1980 жылдары ол ауыспалы егісте топырақтың негізгі өндеуін минималдау есебінен топыраққа әсер қарқындылығын төмендету мүмкіндігін және қуат шығынын 30-35% төмендетіп, еңбек өнімділігін екі-үш есе ұлғайтуды қамтамасыз ететін ауа райы шарттарының қалыптасу тәуелділігінен топырақты нөлдік өндеуін қолдануды Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ғылыми тұрғыда дәлелдеген.

Зерттеулерінің негізгі нәтижелері Алматы  (1978 ж), Талдықорған (1978 ж) , Жамбыл (1978 ж) облыстары «Ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі бойынша нұсқаулықтар», Алматы (2005 ж), Жамбыл (2006 ж) облыстары «Ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі», «Қазақ СРО агрономының анықтамалығы» кітаптарына, бұл облыстардың бірқатар аудандарының «Егін шаруашылығы аймақтық жүйелерін жетілдіру бойынша нұсқаулықтар», сонымен қатар «Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауылшаруашылық дақылдарды өсіріп-өндірудегі ресурс үнемдеу технологиялары» кітабына  енгізілген.  

А. Қ. Киреев 240 ғылыми жұмыс жариялап, соның ішінде 37 нұсқаулық, 26 ғылыми мақала шетел баспаларында жарияланды, 2001 жылы «Қазақстанның тәлімі жерінде топырақты өндеу» кітабы шығарылды.

Айтқалым Құсайынұлы бір ғылым докторы және 11 ғылыми кандидаттарын даярлады.