Сс, 06/18/2019 - 18:12
Жаңалықтар

Бүгінде агроөнеркәсіп кешені экономиканың тұрақты дамып келе жатқан секторларының бірі ғана емес, сондай-ақ бизнес үшін экономикалық тұрғыдан тартымды сала болып табылады.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,5% -ға, азық-түлік тауарлары - 1,6% -ға өсті. Ауыл шаруашылығында негізгі капиталға салынған инвестициялардың ағыны 14,2% -ға, азық-түлік өндірісінде 27,3% -ға артты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров 2018 жылдың қорытындылары мен саланың даму жоспарын халықпен есеп беру кездесуінде баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың екінші жартыжылдығында Үкімет Елбасының еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын 2,5 есе арттыру бойынша қойған міндеттерін ескере отырып, АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын өзектендірді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша оны іске асырудың қысқа кезеңінде бірқатар бағыттар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Осылайша, 2018 жылы өсімдік шаруашылығы өндірісінде әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың жалпы жиыны 2,7 млн. тоннаны құрады. Сонымен қатар, зығыр өндірісі бойынша Қазақстан алғаш рет әлемде бірінші орынды иеленіп, оның көлемін 930 мың тоннаға жеткізді. 20,3 млн. тонна көлемінде жиналған астық дақылдарының (13,5 г / га шығымдылығы) ұнды қоса есептегенде 11,7 млн. тонна астық экспортқа жіберілді, бұл көрсеткіш 2017 жылға қарағанда 33% артық. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық экспорт көрсеткіші.

Мал шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. 2018 жылдың екінші жартысынан бастап мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы басталды. Оның негізі - шағын және орта кәсіпорындар. Арнайы жеңілдікті несие өнімі «Сыбаға» іске қосылды. 6 ай ішінде бағдарламаға 600-ден астам отбасылық ет фермалары кірді. Нәтижесінде, 2018 жылы статистика бойынша барлық ет экспорты 18,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде 4,7 мың тонна сиыр еті, бұл 2017 жылдың деңгейінен 3 есе көп.

2018 жылы сүтті – тауарлы шаруашылықты дамыту шеңберінде 25 сүт фермасы енгізілді. Олардың ішінде 7 өндірістік және жалпы қуаты 6,0 мың бастан 18 отбасылық ферма бар. Нәтижесінде, ұйымдастырылған шаруа қожалықтарында сүт өндіру көлемі 2018 жылы 1,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 7,6% артық.

Құс шаруашылығында 5,6 млрд. астам тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл 2017 жылға қарағанда 10% -ға көп. Алғаш рет 671 миллион дана жұмыртқа экспортталды, бұл 2017 жылға қарағанда 2 есе көп. 191 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2017 жылдың көлеміне қарағанда 6,3% артық.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі нарықтардың қол жетімділігін және экспортты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде қытай нарығы 13 өнім тобына (балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой, бал, бидай, бидай кебектері, соя бұршақтары, сойылған жылқылар, рапс шроты, сиыр еті, жоңышқа шөп, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері) ашық. Иран тарапымен тірі қой, мұздатылған және салқындатылған қой, сиыр, тағамдық жұмыртқа жеткізуге ветеринарлық талаптар келісілді. Сауд Арабиясы Корольдігімен қазақстандық ірі қара және ұсақ малдарды сою және өсіру үшін экспортқа ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда. Нәтижесінде Қытайға экспорт 30,4%, Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, САК, Оман, Бахрейн) 4,1 есе, Иранға 2,1 есеге, Еуроодаққа 14, 6% артты. .

2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы экспорты 24,5% -ға өсті, оның ішінде қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 3,5% -ға артты.

Су ресурстарын басқару саласында төтенше жағдайлардың алдын алу және су қоймаларының қауіпсіз жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін 41 апаттық жағдайдағы су қоймаларын қалпына келтіру қарастырылған, оның ішінде 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 нысан қалпына келтірілді. 6 апаттық жағдайдағы су қоймалары құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарлануда, 5 апаттық жағдайдағы су қоймалары құрылысы басталды, қалған 21 объектіге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 3 гидротехникалық құрылыстарды қайта қалпына келтіру және 1-шұғыл объектіні күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, бұл Батыс Қазақстан облысында 61 мың адам тұратын 16 ауылдық елді мекенде тұрмыстық қажеттіліктерге арналған суды қамтамасыз етуге, 180,0 мың гектар алқаптағы суармалы жерлерге қосымша су инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, Қызылорда облысындағы 48,5 мың гектарға суармалы жерлерге, Түркістан облысында 5,0 мың га, Жамбыл облысында 6,8 мың гектарға су беруді қамтамасыз етті. Республиканың 7 облысында (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары) орналасқан 22 жаңа су қоймасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жалғасуда.

Арнайы қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Алматы облысында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылды, ал республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары 24,7 млн. гектарды немесе ол ел аумағының 9% құрайды .

Ақбөкендердің саны өткен жылы 215 мың басқа жетті, 2017 жылы 152 мың болатын немесе 41% артты. Сонымен бірге ақбөкендердің ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы браконьерліктің 77 фактісі анықталып, 500 ақбөкен мүйізі алынды.

Алайда биыл да жақсы нәтижелерге қол жеткізудеміз. 2019 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,7% – ға, азық – түлік өнімдері 1,2% - ға, сусындар 18,9% - ға өсті. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны 124,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 52,2% - ға артық. Өткізу нарықтарын кеңейту бойынша қабылданған шаралар АӨК өнімдері экспортының көлемін 11,2% - ға арттыруға және оның көлемін тек 3 ай ішінде 900 млн. АҚШ долларына жеткзуге мүмкіндік берді.

Мал шаруашылығында жалпы өнім шығару 3,6% - ға өсті. "Сыбаға", "Алтын Асық" және "Ырыс" несиелеу бағдарламаларын табысты іске асыру өнімнің осы өсуіне ықпал еткен факторлардың бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 5 айында осы бағдарламалар бойынша 41,8 мың бас ірі қара мал сатып алуға 254 шаруашылық несиелендірілді, бұл барлық жылдық жоспардың 43% - ын құрайды, 340 шаруашылық 132,1 мың бас ірі қара малдың аналық мал басын сатып алуға несие берілді. Жыл басынан "Ырыс" бағдарламасы бойынша 3 сүтті-тауарлы кешені іске қосылды.

Өсімдік шаруашылығында уақытылы егістікті 2019 жылы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Көктемгі егістік жұмыстарына 60 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда барлық өңірлер егіс жұмыстарын аяқтады. Жалпы, көктемгі егістік алқабы 19,0 млн. гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар -14,5 млн. га, майлы дақылдар - 2,7 млн. гектар, көкөніс және бақша дақылдары мен картоп - 458,3 мың га, жемшөп дақылдары 1,2 млн. гектар, өнеркәсіптік дақылдар (қант қызылшасы, мақта, темекі) 144,0 мың гектарды құрап отыр.

Есеп беру кездесуінде министр агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша 10 тапсырманы атап өтті. Бұл ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану, ветеринарлық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығында тәуекелдерді сақтандыру, қаржыладырудың қолжетімділігі, ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді дамыту, суармалы жерлер, білімді, ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту, топырақ жағдайын жақсарту және әртараптандыру, субсидиялар базасын қайта қарау.