вт, 05/12/2020 - 11:35
Новости

Әйгілі Алматылық Апортты жаңғыртуға не кедергі?

Қымбатты достар, бүгін, 12 мамыр күні сағат 15-00-де өтетін онлайн-семинардың тақырыбы, сізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз. Шынында да, Апорт қазақстандықтар үшін бұрыннан бері алма сорты ғана емес, оңтүстік астананың ғана емес, бүкіл Қазақстанның да нағыз символына айналды. Өкінішке орай, оның бұрынғы ұлылығы мен таралуын қайтару бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатсада, ол әлі күнге дейін отандық бақ шаруашылығында өзінің лайықты орнын алған жоқ.

Мұндай жағдайдың себебі неде? Осы тақырыпты бүгін тікелей эфирде осы өзекті мәселемен ұзақ уақыт бойы айналысатын, биология ғылымдарының кандидаты, биотехнология зертханасының меңгерушісі, біздің институттың ғалымы Светлана Долгих және қоғам қайраткері, "Алмалы жұмақ" ҚҚ атқарушы директоры Ажар Джандосова талқылайды.

Тікелей эфир бүгін, 12 мамырда, сағат 15-00-де өтеді. Facebook және instagram-дағы біздің ресми парақшаларымыздан көре аласыздар!

Біздің  ресми парақшаларымыздың мекенжайлары:
фейсбук: facebook.com/qazrifvg/
Instagram: @favri_official

Сұрақтар мен ұсыныстарды ватсап нөмірі бойынша жолдауға болады:
+7 705 396 0511
Әріптестер, еске саламыз: онлайн-семинарларды өткізу бастамасын НАО "Национальный аграрный научно-образовательный центр"  басшылығы алғаш рет ұсынды және оның еншілес ұйымдары қолдады.

«ҰАҒБО» КеАҚ жұмысы туралы толық ақпаратты мына сайттан біле аласыздар: nasec.kz