Бүгінде АӨК-ді цифралдыру - бұл агроөнеркісіптік саланың тұрақты дамуының кепілі. Ол Елбасының жыл сайынғы жолдауында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін драйвер: яғни, АӨК еңбек өнімділігін арттыру мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге өсіру.

АӨК цифрландыру аясында "Қаскелең" агропаркінде, Бараев атындағы ҒӨО-да, сонымен қатар Қостанай облысының "Заречное" тәжірибе шаруашылықтарында "Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротеxникалық парк" пилоттық жобалары құрылды.

Инновацияларды енгізудің, нақтырақ айтқанда нақты егін шаруашылығының элементтерін енгізу тәжірибе аумақтарында өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Олардың ішінде: алқабтардың электрондық картасы,датчиктер мен сенсорлардың көмегімен метеодеректердің нақты есебі мен анализі, космомониторинг, жоғары ажыратымдылықтағы камерамен және спектрлі камералармен жабдықталған түрлі дрондардың көмегімен  аэрофототүсірілім және параллельді басқару жүйелерін, қашықтан басқару және басқа да шешімдер.

Мұндай технологияларды енгізу ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқарудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік берді; телеметрия және қашықтан кіру жүйелері, қысқа уақыт ішінде үлкен аумақтардан әртүрлі мәліметтерді алуға, талдауға және технологиялық үдерістер мен операцияларды түзету бойынша уақытылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Мысалы, дифференциалды қолданудың арқасында тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін тиімді пайдалану, суару жүйесінде су мен энергия шығынын үнемдеу үшін суару режимдерін өзгерту, жүктеменің біркелкі бөлінуіне байланысты ауыл шаруашылық техникасының логистикасын жоспарлау және тиісінше, оның өнімділігін арттыру мүмкін болды. Осының бәрі жоспарланған кірістің шығындарын 70% -ға дейін азайтуға мүмкіндік береді және нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады.

Министрлікпен АӨК дамытудың барлық негізгі бағыттарында осындай біліктілік орталықтарын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.  Университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және тәжірибелі шаруа қожалықтарының базасында, осы технологияларды тиімді оқыту және тираждау ұйымдастырылады.

Жалпы, агроөнеркәсіп кешенін едәуір цифрландыру үшін жағдай жасау қажеттілігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында екі маңызды міндет қояды:
- Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру;

- Өндірістік саланы технологиялық қайта жарақтандыру.

 Цифрландыру агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытуға негізгі құрал болады:  АӨК субъектілерін қаржыландырудың қол жетімділігі; өтім нарықтарының қолжетімді болуы және экспортты дамыту; мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі; су және биоресурстарды тиімді басқару.

Аталған бағыттар агроөнеркәсіп кешеніндегі 101 мемлекеттік қызметті және онымен байланысты процестерді автоматтандыруды қамтиды.

АӨК-ні цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға көмектеседі. Жалпы, 2025 жылға дейінгі экономикалық тиімділік кем дегенде 40 млрд. теңгені құрайтын болады.