Сн, 03/07/2020 - 16:44
Жаңалықтар

Биылғы жылдың 4-наурыз күні Алматыдағы «Ғылым ордасы» ғимаратының Үлкен залында Қазақстан Республикасының Аймағамбетов Асхат Қанатұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы  Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысының сессиясы өтті.

Ғалымдар бас қосқан жиынға ҰҒА академиктері, корреспондент-мүшелері мен құрметті мүшелері қатысып, бүгінгі күні ғылымда қордаланып тұрған мәселелерді талқылып, саланы дамытуға қатысты ой-тұжырымлдарымен, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Сессия отырысының күн тәрбібінде ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрыновтың Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының 2019 жылы атқарған қызметтері туралы есебі тыңдалды.

Ғылыми басқосуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполов Ұлттық ғылым академиясының бүгінгі күнге дейін атқарған  іс-шаралары мен тиімді жобаларына тоқталып, отандық ғылымды дамытудың инновациялық бағыттару туралы баяндама жасады.
 
Тілектес ЕСПОЛОВ,
ҚазҰАУ Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик:
– Әр мемлекеттің өркениеттілігі оның ғылымы мен білімінің, мәдениеті мен өнерінің жетістіктеріне тікелей байланысты.
Бүгінгі күні ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ғылымға деген жаңаша бетбұрыс жасалып, тиімді шешімдер іске асырылуда. Қазіргі таңда ғылымды қаржыландыру ережесі мен Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу механизмдері қайтадан қарастырылды. Бұл ғылым алдындағы жауапкершілікті күшейтіп, қабылданған шешімдердің ашықтығын дәлелдейді. Сонымен қатар мемлекет қаржысының өндіріске тиімді ғылыми жобаларға ғана бөлінуін қадағалайды.
Осы жерде айта кету керек, академиядағы атқарылып жатқан жұмыстар жеткілікті:
- биыл 16 томнан тұратын, ғылым туралы Ұлттық баяндама уақытылы дайындалған;
- 5 жыл ішінде академик-ғалымдардың қатары екі рет талантты жас ғалымдармен толықтырылған;
- ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелерінің Президенттің іс басқару қарамағындағы клиникаларында қаралып, санаторилерінде дем алу мүмкіншілігі қарастырылған;
- жыл сайын ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекет тарапынан берілетін стипендия иегерлері анықталған;
- 73 мемлекетке таратылатын 8 журналдың тұрақты түрде уақтылы шығарылуы қадаланған;
- республиканың аймақтарында академияның бөлімшелері қайта ұйымдастырылған;
- шетелдің академияларымен келісім-шарт жасалуы.

 

 
Ұлттық ғылым академиясының сессия отырысында қамтылған маңызды тақырыптардың бірі ұлтттық құндылықтар мен ұлттық руханият әлеміне арналды. Атап айтақанда, биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен атап өтіліп отырған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай шығармашылығындағы адамзаттық құндылықтар», «Әл-Фараби мұрасы және Ұлы Дала құндылықтары» тақырыбында баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

Жалпы сессия отырысын қорытындылай келе, жиынға қатысқан ғалымдар Ұлттық ғылым академиясында жүргізіліп жатқан жұмыстарына қанағатанарлық деп баға берді.
Жиын барысында сөз алған ғалымдар Қазақстандағы ғылымды, білімді дамытудын басымды бағыттары мен оның жолдары туралы пікір алмасты.

Ақпарат көзі: https://www.kaznau.kz/page/news/?link=gylym_ordasynda_otandyk_gylymnyn_bagyttary_talkylandy_1976&lang=ru