Жм, 02/28/2020 - 19:22
Жаңалықтар

ҰАҒБО Басқарма төрағасы Т.Рақымбеков аграрлық
ғалымдармен аграрлық ғылым мен білімнің даму
стратегиясын талқылады

 

         2020 жылдың 28 ақпанында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның Қазақстан Республикасының аграрлық ғылымы мен білімінің даму стратегиясын талқылауға арналған кеңес өтті.
Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековтің басшылығымен өткен жиынға басшылар, жетекші филиалдар директорлары, ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдарының жетекші ғылыми қызметкерлері мен жас зерттеушілер қатысты.
         Кездесу барысында аграрлық ғылым өкілдері аграрлық білімнің, ғылымның, жаңа технологиялар мен білімді қалыптастыру мен таратудың заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құрудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ оларды өндіріске енгізу кезінде кездесетін проблемаларды талқылады.
         Өз баяндамасында ҰАҒБО басшысы Т.Рақымбеков ғалымдарға аграрлық ғылым мен білімнің қазіргі жағдайы, ағымдағы мәселелер, сондай-ақ оларды интеграциялаудағы проблемалар туралы ақпарат берді.
         Басқарма төрағасы аграрлық ғылымның, білімнің және өндірістің өзара іс-қимылын нығайту Қазақстандағы ауыл шаруашылығының серпінді дамуының негізі екенін атап айтты.
ҰАҒБО Басқарма Төрағасы қазір Орталық аграрлық ғылымды трансформациялауға кіріскенін баяндап, жүзеге асырылып жатқан шараларды атап өтті: институттарды университеттер құрамына қосу арқылы санын қысқарту, үздік жеке агроқұрылымдарды жұмылдыру есебінен тәжірибелі шаруашылықтар санын 40-қа дейін ұлғайту, ҒЗИ қаржыландырудан ғалымдарды қаржыландыруға көшу, трансферт пен технологияларды коммерцияландыруға бюджеттік қаражатты бөлу, ұжымдық қолданыстағы зертханалар құру, сонымен қатар ғылымның тәуелсіз сараптамасын енгізу, ТӨШ/АШТС функциясының өзгеруі, бұл өз кезегінде ғылыми тақырыптарды, магистранттар мен докторанттардың зерттеулерін, студенттердің практикумдары мен экстеншн аясындағы сабақтар өткізуге негіз болады.
         Сонымен қатар, ҰАҒБО Басқарма төрағасы ғылыми-білім беру процесіндегі маңызды өзгерістерді тілге тиек етті: «Біз ҒЗИ мен ЖОО ғылыми-білім беру қызметі саласында негізгі өзгертулер ұсындық. Оның ішінде аграрлық ЖОО-ларды зерттеулік университеттерге айналдыру, ҒЗИ ғалымдарының оқытушылық қызметінің уақыт үлесін 20%-ға дейін ұлғайту, ал ЖОО оқытушыларының ғылыми қызметіне бөлінетін уақытты 30%-ға  дейін ұлғайту енгізілген», - деп толықтырды Т. Рақымбеков. Төраға сондай-ақ түлектердің жұмыспен қамтылуы мен мамандарды дайындау сапасына да тоқталды.
Осы орайда Т.Рақымбеков орталықтың ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде құлағдар етті: «Ғылым өзінің оң нәтижелерін Агротехнология трансферті және коммерцияландыру орталығына береді, ал мекеме фермерлермен лицензиялық шарттар жасасады және олардан зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін роялти алады. Ғалымдарға роялти көлемінің 30%-ы төленеді, ҒЗИ-ға 30%-ы аударылады, жаңа зерттеулер қорына 40%-ы аударылады».
         АӨК дамуында басты рөлдердің бірі білім тарату жүйесіне тиесілі екені баршаға мәлім. «Елбасының тапсырмасы бойынша бүгінде ҰАҒБО ауыл тұрғындарын шаруашылықты жүргізу дағдыларына оқыту жүйесін жасап жатыр. 2024 жылға қарай біз 200-ден астам Білім тарату орталықтарын құруды жоспарлап отырмыз, оның 160-тан астамы аймақтағы аграрлық колледждер базасында болмақ. Біз Ауыл шаруашылығында білімді таратудың ұлттық жүйесін құруға арналған бағдарламаны әзірлеп, Үкімет жарлығымен бекітуді ұсынамыз»,- деді Төлеутай Рақымбеков.
         Қазіргі уақытта ҰАҒБО келесі үш жылдық кезеңге, яғни 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеуде, онда асылдандыру, жоғары рентабельді дақылдар, оның ішінде органикалық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, ылғал мен ресурстарды үнемдейтін технологиясы, өнімдерді өндіріске енгізу саласындағы ғылыми-зерттеу бағдарламасы бар.
         Кездесу соңында ғалымдар ҰАҒБО-ның ауылшаруашылығы ғылымы мен білімін дамыту стратегиясын жасау жөніндегі ұсыныстарын қолдады.