Жм, 02/28/2020 - 19:18
Жаңалықтар

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы Қазақстанда картоп өсіру мен оны қайта өңдеуге ғылыми қолдау көрсетеді

 

2020 жылдың 28 ақпанында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ мен «Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағы» ЗТҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҰАҒБО тарапынан меморандумға орталықтың Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков қол қойды. 

Меморандум мақсаты – серіктестік қарым-қатынас орнатып, картопты өндіру мен қайта өңдеуді ғылыми қолдауға бағытталған тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту.

Атап айтсақ, тараптар Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми зерттеу институтын (ҚазЖКҒЗИ)қаржыландыруды және Одақпен келісілген және Одақ мүшелері қаржыландыратын жобалар үшін гранттар бөлуде ынтымақтастық орнатуға, Павлодар ауылшаруашылық тәжірибелік станция базасында Картоп орталығын құруға, ҚазЖКҒЗИ және ПАШТС материалдық-техникалық базасын дамытуға, NAK голландиялық картоп тұқымын сертификаттау жүйесінің Қазақстанға берілуі жөнінде, жаңа отандық және ең жақсы шетелдік сорттарды іріктеуге, ауылшаруашылық технологияларын жасау және дамытуға, фермерлерге білім беру (экстеншн), ғалымдарды ынталандыру мақсатында роялти жүйесін пайдалануға, тұқым сапасын қадағалауға, органикалық картоп өндірісін арттыруға, сонымен қатар бастапқы тұқым мен элиталық тұқым өндірісі жеке тұқым шаруашылықтарымен бірлесе жұмыс атқаратын Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми зерттеу институтына тиесілі болады, ал одан әрі тұқым шаруашылығы жеке тұқым шаруашылықтарына қарайтын тұқым өндірісі жүйесін құруға келісім жасасты.

«ҰАҒБО ғылым мен агробизнесті біріктіретін орталық ретінде агробизнеске ғылыми әзірлемелер мен ұсыныстар бере отырып, саланы дамытуға мүдделі. Бүгінгі қол қою рәсімі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ», - деп атап өтті өз сөзінде Т.Рақымбеков.