Дс, 11/11/2019 - 17:48
Жаңалықтар

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелері және шешу жолдарына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» Басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков қатысты.

«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында ауыл шаруашылығы бейіні маман-түлектерінің тізімін кеңейту бөлігінде «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Олар меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерлерде орналасқан аграрлық мекемелерде кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс және жұмыс істеу өңірін анықтау бойынша шектеулерді жою қарастырылған.

"Аталған өзгерістер ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуды тәмәмдаған ауыл тұрғындары қатарындағы азаматтарға квотамен жұмысқа орналасуға және өңірлерді АӨК кәсіби кадрларымен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінгі күні ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы әзірленді", - деді спикер.

Аграрлық ғылыми-білім беру орталығы тобының материалдық-техникалық базасы 280 мың га жер учаскелерін; аумағы 1 400 мың ш.м. болатын ғимараттар мен құрылыстарды қамтиды; 5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен автокөлік; 7 мың бірліктен астам зертханалық жабдықтары бар.

ҰАҒБО қызметі ғылымды, білімді және өндірісті біріктіруге бағытталған. 

Ақпарат көзі: ortcom.kz