Жм, 10/25/2019 - 19:43
Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласына аса қажетті еуропалық талабына сай жабдықталған топырақ зерттеу лабораториясы ҚазАТУ-да ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жанынан ашылып отырған зертхананың мүмкіндігі өте жоғары. Топырақ зертханасы Қазақстанның Ұлттық аккредиттеу орталығында аккредиттелген. Топырақ анализі 10 элемент бойынша жүргізіледі: азот, фосфор, калий, күкірт, гумус және т.б. Талдау құны еуропалық, америкалық және отандық зертханаларға қарағанда төмен.

Дәл қазіргі таңда мұндай зертхана еліміздің ауыл шаруашылығы саласы үшін аса қажетті болып отыр. Себебі әр кәсіпкер осыған дейін өзінің егіс алқабындағы топырақ құрамын зерттеуге мүмкіндігі болмаған. Соның салдарынан топырақтың жағдайы төмендеп, шығым көлемі күрт кеміп отыр. Ашылып отырған зертхана ендігі кезекте мұндай келеңсіздіктің алдын алуға өз септігін тигізбек. 

Топырақтың негізгі элементтерін талдауға арналған заманауи жабдық түрін ҚазАТУ-дың серіктесі Ганновер Университеті (Германия) гранттар есебінен беріп отыр.

Топырақтағы өсімдіктің қоректік элементтермен қамтамасыз ету – қазір ауыл шаруашылық тауар өндірушінің басты міндеті. Бірақ мұндайды анықтау үшін зерттеу жұмыстары қажет. Ал зерттеуді жүргізу үшін уақыт пен қаржылық жоспарлау тұрғысынан келеңсіздіктерге әкеліп соғып отырғандығы белгілі.

Енді бұл олқылықтың орыны толады.

«Мұндай еуропалық талаптарға сай жасақталған зертхана елімізде тұнғыш рет ашылып отыр. Келешекте олардың санын көбейте беруіміз керек. Себебі зертхана ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін маңызы зор болып отыр. Сондай-ақ, оның университет қабырғасында  іске қосылуы студентер, магистранттар, докторантар үшін өте үлкен жетістік», - дейді ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев. 

Зертхана төмендегідей күрделі лабораториялық зерттеулерді жүргізуге қауқарлы:

  • Топырақтың тығыздылығын бір метрлік қабатқа дейін автоматты түрде анықтау;
  • Талдаудың мерзімін 3-4 күнге дейін қысқартады;
  • Үлгілердегі элементтер құрамын сандық форматта анықтап, спектрлі фотометр күйінде көрсетеді.
  • Топырақ құрамындағы Күкірт пен фосфордың қозғалмалы түрлері және азоттың, калийдің, натрийдің, кальцийдің, магнийдің түрлерін анықтайтын болады.

Нәтижесінде егін алқаптарына минералды тыңайтқыштарды дифференциалды түрде енгізуге арналған жол картасы (карта-предписания) қалыптасады. деді» зертхана меңгерушісі жас ғалым Ақгүл Кәсіпхан.

Аталмыш лабораторияға университеттің білікті ғылыми қызметкерлері жұмылдырылып отыр. Осылайша Университет ауылшаруашылық қызметкерлерінің өндірістегі өзекті мәселелеріне ерекше назар аударады. Оған қоса мұндай мәселелер кешенді (ғылыми, технологиялық, экономикалық, заңдық тұрғыдан да ұйымдастырып отыр) түрде шешімді талап етеді.

Қазіргі таңда ҚазАТУ ауылшаруашылық саласындағы инновациялық мүмкіндіктерін барынша дамытып келеді. Сонымен қатар  ауыл шаруашылыға  саласында тауар өндірушілерді барынша ғылыми жағынан қолдау көрсетіп келеді.