Бс, 10/23/2025 - 16:01
Жаңалықтар

Агрохаб: Қазақстанның аграрлық индустриясындағы ғылым мен бизнестің интеграциясы 

2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында KazAgro/KazFarm-2025 көрмесіаясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» 33 ұйымының қатысуымен «Агрохаб: ғылым және бизнес» тақырыбында келісімшарттық-конференция өтті.

Ісшара Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылып, аграрлық саладағы жетекші мамандарды 

Агрохабты құрудың негізгі бағыттарын талқылау үшін бір алаңға жинады.

 

Агрохаб - бұлғылымды, білім мен бизнесті біріктіре отырып, Қазақстанның 

агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытуға бағытталған бірегей платформа.

Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы (Орталық) аграрлықсалада ғылым, 

білім, мемлекет пен бизнесті байланыстырушы маңызды рөлатқарады. 

Бүгінде Орталық еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 33 ұйымды біріктіріп, 

агроиндустриядағы тұрақты инновацияларды дамытуғаықпал етіп келеді.

 

Орталықа қарасты ғылыми зерттеу институттары өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын сақтау, 

ветеринариялық жәнефитосанитарлық қауіпсіздік, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, 

сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылығында селекциялық жұмыстаржүргізу бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізуде. 

 

Қазіргі уақыттаорталықтың ғылыми бағдарламаларына 2 400-ден астам ғалым тартылған, 

олардың 744-і Хирш индексі бойынша жоғары дәйексөздік көрсеткішке ие. 

Бұл - еліміздің ғылыми әлеуетінің айқын дәлелі.

Орталықтың жүзеге асырып жатқан маңызды жобалар қатарына қазақстан -қытай бірлескен Астық орталығын құру, 

органикалық егіншілікті дамыту, экологиялық таза өнім өндіру, 

жас мамандарды даярлау және қолдау жатады.

 

Агрохабтың жұмысы екі стратегиялық бағытқа шоғырланған:

 Отандық өнімді жаһандық нарыққа шығару 
(генетикалық идентификация, маркерлік селекция, климатқа бейімделген егіншілік, органикалық өнім өндіру); 
 Технологиялық көшбасшылық пен кадр даярлау (AgriTech-инкубатор, «АӨК-тің 100 жас ғалымы» бағдарламасы,
«Агроуниверситет 2.0» платформасы, фермерлік шаруашылықтарды цифрландыру және «Ақылды ферма» жобасы).
 

Конференция аясында бірқатар маңызды келісімдер мен шарттарға қол қойылды, олардың қатарында: ресей-қазақстандық Агробиотехнопаркті бірлесіп құру, фитосанитарлық қауіпсіздік бойынша ғылыми сүйемелдеу, 

инновациялық жобалар бойынша лицензиялық келісімдер, сондай-ақ тұқымсатып алу және ғылыми сүйемелдеу шарттары бар. 


Барлығы 10 маңызды келісім мен шартқа қол қойылды, олардың жалпы сомасы 700 млн теңгеден астам құрады.

 

«Бұл келісімдерге қол қою - жай ғана рәсім емес, бұл Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолындағы нақты қадам. 

Ғылым, білімжәне бизнестің тығыз әріптестігі отандық агроиндустрияны жаңа сапа мен бәсекеге қабілеттілік деңгейіне шығаратынына сенімдіміз»,

 деп Максим Сутула Орталықтың Басқарма төрағасының орынбасары атап өтті. 


-«Барлық серіктестерге белсенділігі мен ынтымақтастыққа деген ұмтылысыүшін алғыс білдіреміз.

 Бұл әріптестік алдағы жылдары табысты жобалар мен жаңа инновациялардың берік негізі болатынына сенімдіміз».

 

potatoes

 

people-1

 

 

 

 

Пресс-служба Национального аграрного научно-образовательного центра МСХ РК