Ср, 12/21/2022 - 16:44
Жаңалықтар

2022 жылдың 9 желтоқсанында «ҚазҰАҒЗУ» КеАҚ базасында SAGRIS «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйелер саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жетілдіру (SAGRIS)» көпұлтты білім беру жобасының қорытынды конференциясы өтті. Шараға Еуропалық Одақтың 5 серіктесі, Ресейдің 4 университеті, Қазақстанның 4 университеті және 2 академиялық емес серіктестері – ҰАҒББО және АРТА Консорциумы қатысты. Конференция оффлайн және онлайн форматта жүргізілді.

Онда ҰАҒББО Ғылым департаментінің бас менеджері А.Е.Турсинбаева «Ғылыми жаңалықтың сәтті үлгісі» тақырыбында баяндама жасады.

Жобаның мақсаты – докторанттарды халықаралық сапа стандарттарына сәйкес даярлауды жетілдіру, тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақтың агрожүйелері саласында тиімді шешімдер қабылдау үшін жаңа білім алу болып табылады.

Жоба аясында Қазақстан мен Ресей университеттерінің профессорлық-оқытушылық құрамы еуропалық сарапшылардың қолдауымен келесі бағыттар бойынша 4 модуль әзірледі:

Модуль 1  «Ақылды ауыл шаруашылығы және цифрландыру»;

Модуль 2  «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы жүйелері»;

Модуль 3 «Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері»;

Модуль 4 «Тұрақты ауыл шаруашылығына арналған трансдисциплинарлық зерттеу әдістері».

Қорытынды конференцияға қатысушылар тұрақты ауыл шаруашылығы мен болашақтың агрожүйелері саласындағы жас ғалымдардың әлеуетін арттыратын Халықаралық жобаны жүзеге асыруда алынған нәтижелерді жоғары бағалады.

Сонымен қатар, 2022 жылғы 5-8 желтоқсан аралығында Еуропалық Одақ серіктестері мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен 3 модуль «Ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері» бойынша екінші блок-семинар өтті. Семинардың мақсаты тұрақты аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығын жүргізудің болашақ жүйелері үшін білімге негізделген шешімдер саласындағы докторанттардың әлеуетін арттыру болып табылады.

Блок – семинарда ҰАҒББО ғылым бөлімінің меңгерушісі Сатенбаев Е.Н.  «Аграрлық ғылымды дамытудың 2023-2026 жылдарға арналған перспективалары» тақырыбында баяндама жасап, докторанттарды қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді.

Автор: Анар Тұрсынбаева - ҰАҒББО Ғылым департаментінің бас менеджері

 

семинар