Сс, 05/05/2020 - 10:20
Жаңалықтар

Еліміздің батыс өңірі көктемгі дала жұмыстарына кірісіп кетті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 2020 жылғы егін егуге дайындық жұмыстары жайлы ақпараттарды жалғастырады.

Ақтөбе облысы биылғы жылы 600 мың га жерге егін егуді жоспарлап отыр. Оның жартысынан көбі, яғни 334 мың га жерге дәнді және бұршақ дақылдары, 212 мың га жуығы жемшөп болса, 40 мыңы майлы дақылдар үшін бөлінді. Сондай-ақ, 6 мың га жерге картоп, 5,2 мыңына бақша егіледі.

Облыстағы егіс жұмыстарына 400 ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен 200 мыңға жуық адам  тартылады деп жоспарланып отыр. 5,3 мыңнан астам трактор, 1,5 мың тұқым себуші және 93 егін егу техникалары іске толықтай дайын.

Облысқа 9 мың тонна дизель отыны бөлінді. «ҚазАгро» ҰБХ,  сондай-ақ МҚҰ қаржы институттары  айналымдағы қаражатты толықтыру мақсатында аймақтағы фермерлердің жеңілдетілген несие алуға өтінімін мақұлдады. Қазіргі уақытта фермерлер 1,3 млрд. теңге алды.