Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, КЕАҚ «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы», Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті, Қазақстан Фермерлер одағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасында 2020 жылдың 1 мамырында: «Су ресурстары және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша онлайн-конференция өткізеді.
Мақсат - агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде су ресурстарын тиімді пайдаланудың қолданыстағы тәжірибесін талқылау.
БҰҰ бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға қарай әлем халқының үштен екісі су тапшылығына ұшырайды, бұл елдің экономикалық өсуінің айтарлықтай баяулауына әкелуі мүмкін.
Қазақстанның халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және ауылшаруашылық өнімі саласындағы әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі болуы үшін қажетті құнарлы жерлерінің биоклиматтық әлеуеті жоғары. Ол үшін суды үнемдейтін технологияларды дамыту, суды реттеу мен суды бөлудің техникалық және сандық құралдарын жетілдіру қажет.
Соңғы онжылдықтардағы тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері өткір әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси сипатқа ие болуда. Бұл бір жағынан халықтың, өнеркәсіптің және ауылшаруашылығының қажеттіліктері үшін суды тұтынумен байланысты антропогендік факторлардың өсіп келе жатқан рөлімен, екінші жағынан, климаттың өзгеруінен туындаған табиғи факторларға байланысты.
Заманауи технологияларға негізделген су ресурстарын тиімді пайдалану алдағы онжылдықта өнімділікті 20% және алдағы онжылдықта одан да жоғарлатуға, ал 2050 жылға қарай 50% дейін арттыруға мүмкіндік береді.
2017 жылы университеттің базасында құрылған Су хабы су ресурстарын тиімді басқару мәселелерін шешуге ең жақсы инновациялық технологияларды, жаңа білімдерді іздестіру мен транферттеуде Қазақстан мен Орта Азияның барлық су саласы ғалымдарының күшін біріктіруге мүмкіндік берді.
Су хабының қызметі топырақтың тозуы мен сортаңдануы, жер мелиорациясы, жайылымдарды суландыру, аймақтағы тұщы судың мөлшері мен сапасын төмендеуі, судың зиянды әсерін болдырмау және т.б. мәселелерді талқылауға мамандарды орталықтандырылған түрде тартуға мүмкіндік берді.
Онлайн-конференцияға университеттің және жетекші ұйымдардың 35 маманы: ХАҚҚ атқарушы дирекциясы, ҚР БҒМ География институты, У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Су шаруашылықтарын гидротехникалық жобалау институты, Д.Қонаев атындағы АҮК РМК, су шаруашылығы бассейндерінің сегіз инспекциясы, гидрогеологиялық және мелиоративті экспедициясы, «Қазақмыс» корпорациясы және т.б. қатысады.
«Су ресурстары және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы онлайн-конференция - барлық су мәселесі бойынша өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету, диалог өткізу, тәжірибе алмасу алаңы болып табылады.
Онлайн-конференция трансляциясы мына сілтемелер бойынша:
Фейсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043580851461
Инстаграмм: https://instagram.com/kaznau_people?igshid=1vyvf8jt2kt8n
Сұрақ қою мына сілтеме бойынша:
https://www.kaznau.kz/page/events/?link=fermerdin_kazuau_mamandaryna_surak_355&lang=ru
Байланыс контактілері:
Қалыбекова Есенкүл Мырзагелдіқызы – 8 701 785 30 13.
e-mail: yesenkul@yandex.ru
Сейтасанов Ибрагим Сматұлы – 8 701 655 87 90.
e-mail: ss.ibragim@mail.ru
Темірбек Сәуле Каюмқызы – 8 707 440 62 79.
e-mail: Saule_abr@mail.ru
Байболов Асан Ерболатұлы – 8 707 570 57 28.
e-mail: a_baibolov@mail.ru
Техикалық сұрақтар бойынша:
Букпенов Ильяс Тұрмағамбетұлы – 8 707 121 89 84
e-mail: bukpenov@mail.ru
Мекен-жайымыз: Алматы қ, Абай д-лы-8, ҚазҰАУ, Бас ғимарат, Ситуациялық орталық