Fri, 04/17/2020 - 10:44
Новости

АӨК субъектілеріне онлайн кеңес беріледі

 

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбековтың бастамасымен  Орталықтың ғалымдары ауылшаруашылық тауар өндірушілерге бұқаралық ақпарат құралдары - Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілер мен ғаламтор ресурстары  арқылы онлайн кеңес беру жүргізілуде, деп хабарлады «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ баспасөз қызметі.

COVID-19 пандемиясы салдарынан Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, ағымдағы жылдың 30 наурызынан бастап ҰАҒББО Қазақ ұлттық аграрлық университетімен және егіншілік және өсімдік шаруашылығы, мақта шаруашылығы, жеміс шаруашылығы, күріш шаруашылығы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп, 47 184 адамды және қосымша қаралым 6 740 адамды қамтитын, негізінен көктемгі - далалық жұмыстарға дайындық мәселелеріне қатысты, 7 онлайн кеңес беру өткізілді.

Сонымен қатар, ҰАҒББО ғалымдарымен 2020 жылдың 15 сәуірінен 15 маусымы аралығында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қызықтыратын тақырыптары бойынша шамамен 229 кеңес өткізу жоспарланған.

«Көктемгі егіс жұмыстары кезінде фермерлерге қолдау көрсету өте маңызды. Осыған байланысты ҰАҒББО ғалымдары КЕЖ кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. COVID-19 пандемиясы салдарынан Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға қарамастан, біз, ғалым-аграршылар Қазақстанның барлық өңірлерінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы фермерлер үшін белсенді консультативтік жұмыс жүргізуді жалғастыруды көздеп отырмыз. Бүгінде бізге фермерлерден көптеген маңызды мәселелер келіп түсуде және ҰАҒББО-ның барлық еншілес ұйымдары өздерінің ұсыныстарын онлайн режимінде ұсынады», - деп атап өтті Т. Рақымбеков.

Онлайн кеңес беру жұмысы барысында ҰАҒББО сарапшылары тыңдаушылармен және кеңес беру қатысушыларымен сұрақ-жауап түрінде кері байланыс жүргізді. Барлық қатысушылар мен тыңдаушыларға онлайн кеңес беру барысында шаруашылықтардағы проблемалық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Ғалымдар фермерлердің дәнді, жемшөп, көкөніс дақылдарын элиталық тұқымдармен қамтамасыз ету, шаруашылықтар аумағының агрохимиялық картограммаларын жасау және олардың құны, тыңайтқыштар енгізу (көлемі және саны), паразиттер мен ауруларға қарсы агрохимиялық іс-шаралар жүргізу, қолдан ұрықтандыру технологияларын енгізу, жайылымдардың жай-күйі және олардың тозуы, республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау бөктеріндегі жыртылған жерлердің тұздалған және эрозияланған топырақтарының ерекшеліктері және олардың құнарлылығын жақсарту жөніндегі шаралар мәселелеріне қатысты және тағы басқа да көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жоғары қызығушылық пен онлайн уақыттың шектеулігі, сондай-ақ көптеген сұрақтар, барлық ұсыныстар мен жауаптар фермерлердің электрондық поштасына жазбаша түрде ұсынылады.

Бұдан басқа, ҰАҒББО ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары мен шаруашылықтары жергілікті жерлерде дербес онлайн консультациялар өткізеді.

Айта кету керек, ҰАҒББО ғалымдары 2019 жылы 610 кеңес өткізді. Ағымдағы жылы 15 сәуірден 15 маусым аралығында ғалым-аграрилер 229 онлайн кеңес өткізуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 62,5% - ға аз.

 

2019 жылы ҰАҒББО еншілес ұйымдарымен 16 706 адамды қамтитын 1 036 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде:

- семинарлар мен курстар - 335 бірлік, оның қорытындысы бойынша оқытудан 8 635 адам өтті;

- ағымдық (көшпелі) консультациялар -161 бірлік, оның қорытындысы бойынша 742 адам кеңес алды;

- сарапшылармен тікелей консультациялар- 449 бірлік, оның қорытындысы бойынша764 адам кеңес алды;

- 4 394 адамның қатысуымен жалпы саны 54 бірлік Дала күндері;

- конференциялар, дөңгелек үстелдер, кеңестер, ұсыныстар және тағы басқа шаралар өткізілді.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ

Ақпарат көзі: https://egemen.kz/article/230093-aok-subektilerine-onlayn-kenhes-beriledi