Құрметті әлеуетті өнім берушілер!
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа алады.
Мемлекеттік сатып алу жоспары
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық Жоспары) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді және бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында: www.goszakup.gov.kz. орналастырылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: www.goszakup.gov.kz.
Мүдделі әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеліп, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатыса алады.
Шарт жасасу
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттар әлеуетті өнім берушілермен Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3 тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) тармақшаларда және 50-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидентімен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайларда, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты ол ұсынатын нысанда қағаз жеткізгіште ресімдеуге жол беріледі.
Тапсырыс берушінің, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушінің, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, шағым жасауға құқылы.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабында айқындалған тәртіппен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертулер берілмеген конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына, оның ішінде оларда көрсетілген біліктілік талаптарына әлеуетті өнім берушілердің шағымдары қарауға жатпайды.
Тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне уәкілетті органға берілетін шағымда мыналар қамтылуға тиіс:
1) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалатын заңды тұлғаның, сарапшының атауы, тұрған жері;
2) шағым берген тұлғаның атауы, тұрған жері;
3) өз шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзушылық жасалған мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер;
4) қажет болған кезде растаушы құжаттар қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзудың нақты фактілеріне нұсқама;
5) тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағым жасалған әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері.
Шағым берген тұлғаның дәлелдерін растайтын құжаттар шағымға қоса берілуі мүмкін.