Tue, 04/07/2020 - 11:34
Новости

Қызылорда облысы еліміздің негізгі күріш егуші аймақ екені белгілі. Бүгінгі таңда 88 241 гектар жерге күріш дақылын егу межеленіп отыр. Аймағымыздың  егіншілік саласын әртараптандыру объективті қажеттілік, себебі күріш егісі көлемін әрі қарай ұлғайтудың басты тежегіш факторы су ресурсының шектеулілігі. Жер жеткілікті, су тапшы, сондықтан күріш егісін 80,0-85,0  мың га шамасында тұрақтандырып гектар шығымдылығын арттыру арқылы өнімді 20-25% көп өндіруге бағыттану қажет.

 

Описание: C:\Users\Asus\Desktop\посты\ВПР\Каз НИИ рисоводства\2 .jpg

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы мен Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары су тапшылығын ескере отырып еңбек өнімділігін ұлғайту мақсатында күріш егіс көлемін 2400 гектарға қысқартып, есесіне тиімді ауыл шаруашылығы  дақылдарын егуді ұсынып отыр. Әр ауданның топырақ-климат ерекшеліктеріне сәйкес күріш ауыспалы егістігінде жоңышқа, картоп, дәнді дақылдар, майлы дақылдар мен көкөніс бақша дақылдарын институт ғалымдарының кеңес беру және ғылыми сүймелдеуі арқылы егіп жақсы өнім алуға мүмкіндік бар.

 

Описание: C:\Users\Asus\Desktop\посты\ВПР\Каз НИИ рисоводства\3.jpg

Мәселен: Шиелі, Жаңақорған аудандарының топырақ-климат жағдайы көкөніс-бақша, картоп дақылдарының көлемін ұлғайтуға қолайлы болса, Жалағаш, Сырдария аудандары үшін қант құмайы, ал Қазалы, Қармақшы аудандары үшін майбұршақ, қант құмайы, жүгері дақылдарының көлемін ұлғайтуға болады.

 

Описание: C:\Users\Asus\Desktop\посты\ВПР\Каз НИИ рисоводства\4.jpg

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-өндірістік алаңында көктемгі егіс жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда 70 га егістікке бидай егілді, одан басқа 30 га күздік бидай егілген. Жақын арада 200 га жоңышқа - арпа, бидай, сұлы, мақсары дақылдарымен бүркемелеп егу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы биыл ғылыми-зерттеу институты 630 га егістікке күріш (су тапшылығына байланысты көлемі азаюы мүмкін), арпа – 20 га, мақсары – 40 га, сұлы - 5 га, сорго 80 га егілу жоспарланып, 300 га ескі жоңышқа күтіп баптауға алынды.