Mon, 03/30/2020 - 17:41
Новости

ҚазЕжӨҒЗИ Жамбылдық филиалында қант қызылшасының будандары егілді.


Көктемнің келуімен барлық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін жауапты кезең – көктемгі егістік жұмыстар мезгілі басталады. Қазақстанның барлық өңірлерінде «ҰАҒБО» КеАҚ еншілес ұйымдарында көктемгі егістік жұмыстары толық шамада өткізіледі. 
Осылайша 2020 жылғы 29 наурызда Қазақ егіншілік және өсімдіктану ғылыми зерттеу институтының Жамбыл облысындағы филиалында 10 га аумағында қант қызылшасының дәндері егілді. 
Егіс үшін Торнадо (Дания), Алиция (Белорусь), Тараз, Ақсу мен Айшолпан (Қазақстан) будандары қолданылды. Сонымен қатар отандық будандар (Ақсу мен Айшолпан) ҚазЕжӨҒЗИ дайындалған (драже ретінде домалақталған) дәндерімен егілген.
Бұдан басқа жаздық бидай мен жаздық арпа дәндерінің егісі, күздік бидай егістігінің күтімі (минералды тыңайтқыш енгізу мен гербицидпен өңдеу) жүргізілуде.