18 ақпан күні ҰАҒБО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Есенбай Исламов ЕЭЫДҰ сарапшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЭЫДҰ) сарапшылары «Florimond Desprez Russia» директоры Жэр Жоли, қант қызылшасы өндірісінің сарапшысы Филип Клуэ және экономикалық сараптаушы Пьер-Эрик Тримуя қатысты.
Жиында тараптар қант қызылшасы секторы мен аграрлық әдістердің дамуы, олардың Қазақстанда таралуы мәселелерін талқылады. Е. Исламов Қазақстанда қант қызылшасы саласының келешек жағдайы туралы сарапшыларға баяндады.
Кездесу барысында «ҰАҒБО» КеАҚ Ғылым департаментінің директоры Е. Сәтенбаев қант қызылшасы мәселелерімен Орталықта бірнеше институттар айналысатынын және қазіргі кезде ҰАҒБО ғылымдары отандық сұрыптарды жасауды, сонымен қатар қант қызылшасының перспективті сорттарын дамыту бойынша дүниежүзілік тәжірибелерді зерттеп жатқандығын айтты.
Соңында тараптар бірлескен серіктестік пен жүйелі негізде тәжірибемен алмасуға келісім жасады.