Sat, 02/15/2020 - 13:00
Новости

Иорганский Анатолий Иванович – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР АШҒА академигі. 

А. И. Иорганский 1938 жылы туған. 1962 жылдан бастап Егін шаруашылығы мен өсімдіктану ҚазҒЗИ-де жұмыс істейді, 1962-1970 жж. кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды, 1971-1981 жж. – агротопырақтану бөлімінде аға ғылыми қызметкер, 1982 ж. – агроэкология мен топырақ құнарлығы бөлімінің меңгерушісі.

1998-1999, 2003-2005 жж. ғылым бойынша директор орынбасары қызметін атқарып, 2008 ж. бастап бас ғылым қызметкері болды.

1979-1980 және 1989-1990 жж. Кеңес топырақ-экологиялық экспедициясы құрамында топырақтық бөлім бастығы ретінде Ливия мен Лаосқа іссапарға жіберілді. А. И. Иорганскийдің ғылыми қызметі Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы негізгі топырақ түрлерінің құнарлығын реттеуде тиімді жетістікке, өнімділігін арттыру және әр түрлі азуынан, су эрозиясынан негізгі топырақ түрлерін қорғауға бағытталған. Ғалым басшылығымен топырақтың су эрозиясы даму ерекшелігі мен географисы, әр түрлі қолданыста олардың негізгі қасиеттері мен тәртіптерінің өзгеруі анықталып, топырақ құнарлығын тиімді қалпына келтіруінде және эрозиядан қорғауда тәсілдер, амалдар мен технологиялар, топырақты қорғау егін шаруашылығында экологиялық тұрақтылық пен агроландшафттар өнімділігін арттыратын теориялық және тәжірибелік негіздер дайындалды.

БЛЕЖ жобалауында ескерілетін агроэкологиялық факторларды қамтып көрсететін 1:200000 мен 1:25000 масштабында электрондық карталар жиынтығын көрсететін Алматы облысының Жамбыл, Қарасай мен Талғар аудандарының және Талғар ауданының «Байсерке-Агро» ЖШС тестілік жерлерді бағалау АгроГАЖ жасалды. Дақылдардың бейімделуі мен бейімделу технологиялары 1,4-1,7 есе, ал қарқындату факторларларын 2,0-2,5 және одан да көп рет қолдануымен өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін агроэкологиялық топтар мен жер түрлеріне қолданылатын бейімделме ауыспалы егіс, топырақты өңдеу мен тыңайту жүйелері дайындалған.

Ғылыми қызметі кезеңінде А. И. Иорганский ауыл шаруашылығы ғылымдарының 3 докторы, 9 кандидаты және 7 магистрін даярлады.