Fri, 02/14/2020 - 13:41
Новости

Мамандардың айтуынша, астық сапасы 40% тұқым сапасына тәуелді. Осы орайда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК мен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» өзара тиімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Аталған құжат бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне тұқым беру арқылы оларға қолдау көрсету жоспарлануда. Енді елімізде жылына 500 мың тонна тұқым өндіруге мүмкіндік бар. Төлеутай Рақымбеков, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы: - Егер тұқым сапалы болса, өнім де сапалы болады. Оның көлемі де көбейеді. Біздің есебіміз бойынша сапалы тұқыммен Қазақстанның жылына 20 млн емес, 30-40 млн астық жинауға толық мүмкіншілігі бар. Осы меморандум соған жұмыс істейді деп ойлаймыз.
 

Толығырақ: https://khabar.kz/kk/syuzhetter/item/120532-elimizde-zhylyna-500-myn-tonna-tukym-ondiruge-mumkindik-bar