Fri, 01/17/2020 - 10:14
Новости

2020 жылдың 16 қаңтарында Дариға Назарбаеваның қатысуымен ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысы өтті.

 

Өз сөзінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Андрей Агеенко тұқым шаруашылығының жағдайына тоқталды. А.Агеенко өсімдіктердің гендік қорын сақтау мәселесіне назар аударып, сондай-ақ бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесінің өзектілігін атады.

«Бүгінгі таңдағы бастапқы тұқым шаруашылығы жүйесі қазіргі заманғы агробизнес талаптарына сәйкес келмейді, отандық тұқым нарығы бақылаусыз, фермерлердің көпшілігі стандарттарға сай емес астық себеді. Осы факторлардың барлығы егін алқаптарының өнімділігі мен өндірістің төменділігіне әкеліп соғады. Тұқым шаруашылығын бақылау жүйесіне өзгерістер енгізуді, реестрде тіркеудің үш жылдық циклін күтпестен дақылдардың перспективалы сұрыптарын нарыққа шығаруға рұқсат беруді ұсынамыз», - деді А. Агеенко.