«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС ғалымдарының еңбегі жемісін берді. АШҒӨО ғалымдары 2019 жылы шөптер бойынша, пайдалы модель және өнертабысқа патенттер алды.
Патенттер – А.И.Бараев атындағы АШҒӨО зияткерлік меншігі, қызметкерлердің ғылыми жұмысының нәтижесі болып табылады. Патент – жаңашылдыққа, ерекшелікке, біртектілік пен тұрақтылыққа ие селекциялық жетістік.
Ғылыми жұмыс нәтижелерін пайдалану жаңа сұрыптар мен жаңа технологияларды игеру мен енгізудің ғылыми-өндірістік циклын іске асыру болып табылады.
Атап айтқанда, Орталық келесідей шөптер бойынша селекциялық жетістіктерге патент алды: «Коралл» құмдауыт эспарцеті, «Фермерский» қылтықсыз арпабасы , «Бриз» сұр бидайығы , «Ақ таң» түйежапырағы, «Ника» судандық шөбі, сондай-ақ астық, бұршақ және майлы дақылдар – «Думан» жаздық сұлысы, «Өріс» егістік бұршағы, «Өсіріс» жаздық рапсы; пайдалы модельге патенттер – «Азот тыңайтқышын енгізе отырып жаздық бидайды өсірудің әдісі»,
«Азот тыңайтқышын енгізе отырып майлы зығырды өсірудің әдісі», өнертабыстарға патенттер – «Өнімді ауыспалы егістерде майлы зығырды өсірудің әдісі», «Өнімді ауыспалы егістерде жаздық сұлыны өсірудің әдісі».