Tue, 12/17/2024 - 11:16
Новости

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аграрлық ғылымды дамыту, агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Іс-шараға Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшылығы, қызметкерлері қатысты.

Мемлекет басшысының аграрлық ғылымды трансформациялау, жылқы шаруашылығы институтын құру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері қаралып, ҰАҒББО еншілес ұйымдары қызметінің қорытындысы шығарылды.

ҰАҒББО Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова еншілес ұйымдар жұмысының, ғылыми-зерттеу қызметінің, АӨК үшін кадрлар даярлаудың нәтижелері туралы баяндады.

Министр барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуге назар аударды.

Негізгі мәселелердің бірі аграрлық саладағы кадрлардың тапшылығы болды.

Қазіргі уақытта ҰАҒББО құрылымында үш университет жұмыс істейді. 2023 жылы аграрлық ЖОО-лар 5198 маманды бітірді, олардың 38,5% -ы ғана жұмысқа орналастырылды.

Айдарбек Сапаров аграрлық секторға кадрларды тарту бойынша жұмысты күшейту, олардың ауылдарда жұмыс істеуі үшін тартымды жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша министр еншілес ұйымдардың жерлерін толық түгендеуді, келесі жылғы егіс науқанына дайындықты және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, ҰАҒББО аграрлық саладағы ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекетпен және бизнеспен өзара іс-қимылының бірыңғай операторы болып табылады, оның құрылымына 3 ЖОО, 11 ҒЗИ және 17 АШОС және АШМ, сондай-ақ 2 сервистік компания кіреді.