Wed, 10/30/2024 - 11:13
Новости

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасында болып, оның қызметімен және бүгінгі жетістіктерімен танысты.

«ВКШОС» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Тоқтасынов министрді станса нысандарын аралап, тәжірибе стансасы жұмысының нәтижелері таныстырылды. Қазір мұнда дәнді және бұршақ дақылдарын жинау, күздік бидай егу жұмыстары аяқталуда. Айта кетерлік жайт, биылғы жылы жалпы өнім өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты, бұл өңірдегі агрономдар мен диқандар жұмысының оң нәтижесін көрсетеді.

Ведомство басшылары селекциялық жетістіктерімен бөлісті, оның ішінде 2024 жылы төрт патент алу еліміздің ғылымы мен ауыл шаруашылығын дамытуға жасалған маңызды қадам.

Сапар соңында министр Айдарбек Сейпеллұлы Сапаров отандық селекцияны одан әрі дамыту қажеттілігіне тоқталды, оның пікірінше, бұл қазақстандық агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болады.