Tue, 07/16/2024 - 18:18
Новости

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ғалымдары "Apislab" атты бірегей жүйені әзірледі, ол ара шаруашылығы саласында селекциялық-асыл тұқымды және ғылыми жұмыстарды еркін жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе үш негізгі қосымшадан тұрады: «apislab science», «apislab apiary» және «apislab mobile».

 

«Apislab science» қосымшасы ара шаруашылығына маманданған ғалымдарға арналған, мұнда бастапқы деректерді ара қанатының сканерлері, сондай-ақ омарта мен ара жанұялары туралы ақпаратты сақтай алады. Ал «Apislab apiary» омарташылардың жұмысына бағытталған, арнайы бағдарларма арқылы мамандар ара жанұяларының жанұясын басқарып, омарталарын бақылай алады.

 

«Apislab» жүйесі академиялық зерттеулерде, ара шаруашылығын коммерциялау бағытында да қолданылады. Бұл ғалымдарға арналған соңғы ғылыми құралдарды және омарташыларға арналған практикалық құралдарды ұсынатын тиімді шешім. Үш қосымшаны біріктіру ара шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік береді және басқару, есепке алу және бақылау процестерін жеңілдетеді.

 

Мамандардың айтуынша, «Apislab» жүйесін практикада емін-еркін қолдануға болады. Оның техникалық параметрлері масштабталуды, әртүрлі деректермен интеграцияны және деректер қауіпсіздігін қамтиды. Жүйе әртүрлі деректік жоспарлар көрсетілген үлгі бойынша ұсынылады, бұл оны пайдаланушылардың кең ауқымына қолжетімді қылып отыр.

 

«Apislab» жүйесінің авторлары аталмыш инновациялық қосымшаны тәжірбиеде тиімді қолданудың жолын тапты. «Apislab science» және «Apislab apiary» жүйесіне тіркелу үшін арнайы сілтемелге кіру қажет. Айта кетейік, «Apislab» қосымшасы ғылыми және білім беру мекемелерімен серіктестік орнатып,  қаржылай пайда табуға мүмкіндік береді.

Сілтемелер: https://apiary.apislab.kz, https://admin.apislab.kz