Thu, 12/08/2022 - 15:54
Новости

Директорлар кеңесінің шешімімен Рахимбаев Азамат Болатұлы "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ коррупцияға қарсы Комплаенс-офицері болып тағайындалды.

Рахимбаев Азамат Болатұлы

1993 жылы Жабыл облысында дүниеге келген. 2015 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің Заң факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы сот саласында бастаған. Әр жылдары Қарағанды облысының Сот жүйесінде түрлі деңгейдегі қызметтерді атқарған. Атап айтқанда Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы №2 аудандық сотының жетекші маманы, Теміртау қаласының әкімшілік-құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман-сот отырысының хатшысы, Қарағанды облыстық сотының бас маманы және облыстық сот төрағасының көмекшісі болып жұмыс жасаған.

Жеке меншік салада «Мерке» тұтынушы кооперативінің Басқарма төрағасы лауазымында еңбектенген. Сондай-ақ, Жабыл облысы Мерке ауданы әкімдігі аппаратының жетекшісі қызметінде тәжірибесі бар.

VII сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутаты.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның Комплаенс-офицері лауазымына тағайындалды.