Thu, 05/05/2022 - 15:02
Новости

Өмір парақтарында қайғы мен қасірет атаулының егіз болатыны бар. Қасіреттің ең бір ауыры қаза. Сол қазаның жеңілі болмақ емес. Төбемізден жай түсірген тағы бір қаралы хабар әріптесіміз, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Қайрат Айтуғановтың жұбайы Бақыт Маратқызы мезгілсіз дүние салыпты.

Жастарға тәлім-тәрбие беріп, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолында аянбай  еңбек етіп жүрген ғалымның қайғысына ортақпыз. Алла жар болып, жұбайыңыздың алдын пейіш, артын кеніш етсін! Жатқан жері жәннәт, иманы жолдас болғай!

Сабыр түбі сары алтын демекші, сабыр жолдасыңыз болсын. Тас түскен жеріне ауыр. Отбасыңызға және әулетіңізге қамыға отырып, қайғыра көңіл айтамыз. Иманы саламат болып, артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін!

Көңіл айтушылар: «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ ұжымы