Fri, 01/15/2021 - 12:40
Новости

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесін жаңарту кезінде субсидиялау тоқтаған жоқ-АШМ.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық телеарнаның «2020 жылдың соңында кейбір фермерлердің субсидия алуға өтінім ресімдеу кезінде қиындықтарға тап болды» деген ақпараты шықдыққа жанаспайтынын хабарлады

Өткен жылдың желтоқсан айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесін жаңа платформаға көшірді. Техникалық жұмыстардың салдарынан АШЖБ жүйесі шын мәнінде тұрақсыз жұмыс істеді, бірақ бұл өтінімдерді ресімдеу және субсидиялар беру процестеріне әсер етпеген. Себебі, ведомства тарапынан резервтік шаралар қарастырылған болатын.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» АЖ жануарларды есепке алу дерекқоры 2012 жылы құрылған. Соңғы жылдары деректер көлемінің артуына және ішкі құрылымның ескіруіне байланысты жүйе қайта жаңғыртуды талап етті. АШЖБ жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар 2020 жылғы қаңтарда басталды, ал жаңа платформаға толық көшу жыл соңына жоспарланған болатын.

Жұмыс жоспарына сәйкес 16-19 желтоқсан аралығында (АШЖБ жүйесі ұзақ демалыс және мереке күндері пайдаланылмаған кезеңде) тіркелген 31 млн ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша жазбаны көшіру үшін ақпараттық жүйені ішінара тоқтату жүргізілді.

 Бұл кезде АШЖБ жүйесінің дерекқорына жаңа жануарларды енгізу функциясы шектелді. Бірақ субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу процесінің міндетті компоненті болып табылатын жануарлар бойынша деректерді интеграциялау және салыстыру жұмысы тоқтатылған жоқ.

Оған 2020 жылғы 15-20 желтоқсан аралығында ақпараттық жүйе арқылы субсидиялауға және субсидияларды төлеуге 6,5 мыңнан астам өтінімнің ресімделгендігі дәлел.

Сонымен қатар, қосымша (сақтандыру) шара ретінде резервке өтінім беру функциясы 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қарастырылды. Олар бойынша төлемдер ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жүргізіледі.

Айта кетсек, 2020 жылдың желтоқсан айында ҚР АШМ-нің бастамасы бойынша фермерлерді субсидиялаумен толық қамту үшін ҚР Үкіметінің резервінен қосымша 12,3 млрд теңге бөлінді. Бұл министрліктің малшыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге мүдделілігін көрсетеді.

 

Анықтама: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде 31 млн бас мал туралы деректер бар. Бұл ветпаспорт, сәйкестендіру нөмірі, тұқымы, түсі, жасы, иесі және т.б. туралы мәліметтер. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 4,5 мыңнан астам ветеринариялық мамандары мен қызметкерлері жүйенің тұрақты пайдаланушылары болып табылады.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/146541?lang=kk