Сапархан Омаров «Цифрлық ауыл шаруашылығы: мүмкіндіктер мен сын-тегеуріндер» атты Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің II кеңесіне қатысты
Кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекетінің ауыл шаруашылығы министрлері, сондай-ақ БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еуразиялық, Азия және Ислам даму банкі, ауыл шаруашылығын дамытудың халықаралық қорының өкілдері қатысты.
Кездесудің мақсаты – Орталық Азиядағы ФАО ұйымына мүше мемлекеттерде цифрлық ауыл шаруашылығын дамыту стратегияларын әзірлеу мен іске асыруға қойылатын талаптарды бірыңғай жүйеге келтіру. Сонымен қатар, қатысушылар озық тәжірибелермен алмасып, қысқа мерзімді инновациялық цифрлық технологияларды іске асыру саласындағы аймақішілік ынтымақтастықтың әлеуетін анықтады.
Өз сөзінде ҚР АШМ басшысы Сапархан Омаров Қазақстанның цифрландыру, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаты туралы, АШМ-інің АӨК-ке жаңа технологияларды енгізу бойынша ұстанымы, сондай-ақ ауылдық жерлерде сәтті іске асырылған IT-жобалар туралы айтып берді.
«Цифрлық инновацияларда дәлдік, автоматтандыру және басқару сияқты жаңа мүмкіндіктердің арқасында экономикалық өсімнің үлкен әлеуеті бар. Сондықтан Қазақстандағы цифрландыру ұлттық экономиканы әртараптандырудың, оны шикізаттық бағдардан сервистік-индустриалды моделіне қайта бағдарлаудың негізгі жолы ретінде қарастырылады. ҚР АШМ фермерге арналған цифрландыруды енгізу және оның қызметін жеңілдету бағытында белсенділік танытуда», - деді С.Омаров.
Бүгінде ҚР АШМ мемлекеттік басқару, реттеу және мемлекеттік қызмет үдерістерін барынша автоматтандыруда. Сондай-ақ, министрлік «нақты ауыл шаруашылығын» және еліміздің барлық өңірлерінде «цифрлық фермалар» жобасын енгізуде.
«Қазақстандық фермер қазіргі заманғы технология негізінде ойлауға және онымен бірге жұмыс істеуге ұмтылады. АШМ жаңа жабдықтарды енгізуді, смарт-жүйелерді сатып алуды, басқарушылықта ІТ-шешімдерді пайдалануды ұсынады және оған ынталандырады. Мал шаруашылығында смарт-жүйелерді пайдалану сүт пен төлдеудің көрсеткішін 20%-ға арттыруға мүмкіндік берді, өсімдік шаруашылығында пилоттық нысандардағы енгізілген жаңа технологиялардың арқасында 30%-ға дейін өнім алынды. Сәйкесінше, фермерлердің шығындары 20%-ға қысқарды», - деп толықтырды министр.
Сапархан Омаров: ауыл шаруашылығы субсидияларының барлық 16 бағыты бойынша процестерді автоматтандыру, астықты онлайн-сатудың платформасы, егіс егу мерзімдерін ұсыну функциясы бар Қазгидромет орталығының қосымшасы, топырақтағы өнімді ылғал қорлары туралы ақпараттандыру, жерді қашықтықтан зондтау жүйесін іске қосу және т. б. іске асырылған ірі жобаларды атап өтті.
Бүгінде ҚР АШМ азық-түлік және азық-түлік қауіпсіздігін, өнімнің экспорты/импортының ашықтығын қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесі, сондай-ақ нарықты контрафактілік тауарлардан қорғайтын АӨК өнімдерін таңбалау жүйесін енгізуге дайын тұр. Таяуда агроөнімнің электрондық сауда алаңын іске қосу жоспарлануда. Бұл жүйе жосықсыз делдалдардың санын қысқартуға, тікелей сату көлемін 20%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.
Сондай-ақ, ҚР АШМ фермерлердің цифрлық жабдықтарды, заманауи ауыл шаруашылығы технологиясын сатып алуына субсидия енгізді, адами капиталды дамыту, фермерлердің цифрлық сауаттылығын арттыру және АӨК саласындағы «цифрлық» пәндер бойынша мамандарды оқыту ұйымдастырылды.
«АӨК-де мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ағымдағы деңгейі – бізге ауыл шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізуді оң бағалауға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Қазақстан аталмыш процеске халықаралық деңгейде үлкен табыстарға жеткен үздік компанияларды тартуға ашық. Бұл өзара тиімді тәжірибе алмасуға ықпалын тигізеді. Сондықтан ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы ішкі өңірлік ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын айқындаудың маңызы зор», - деді Сапархан Омаров.
Ақпарат көзі:https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/133493?lang=kk