Fri, 12/04/2020 - 14:36
Новости

ҚР АШМ басшысы С. Омаров Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (IOFC) Бас Ассамблеясының III сессиясының отырысына қатысты

Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында «Ислам ынтымақтастығы ұйымы аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақты дамуы» тақырыбында АҚИҰ (IOFCБас Ассамблеясының III сессиясы өтуде.

Бейнеконференция байланысы арқылы ұйымдастырылған іс-шара барысында бірқатар мәселелер мен бастамалар қаралды:

- ұйымға мүше болу, қаржыландыру және басқару;

- ИЫҰ-ның стратегиялық тауарларды (бидай, маниок, күріш және пальма майы) дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары;

- ИЫҰ азық-түлік қауіпсіздігі резервін құру (оның ішінде астық қорын құрылымдау);

- Ислам тамақ өнеркәсібі қауымдастығын құру (IFPA);

- азық-түлік қауіпсіздігін басқару;

- ғылым, технология және инновация саласындағы бағдарламалар;

- аграрлық азық-түлік саудасы мен инвестицияларды ілгерілету;

- азық-түлік гуманитарлық бағдарламалары (оның ішінде «Құрбан ет» бастамасы»);

- азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFC) деректер базасын жақсарту.

Бағдарламаларды талқылау қатысушы елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Азық-түлік қорлары мен ұлттық азық-түлік резервтері саласындағы саясатты үйлестіру арқылы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерде азық-түлікке қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін арнайы резерв құру бастамасына ерекше назар аударды.

Тағы бір қызықты идея – исламдық форвардтық мәмілелер тетігін енгізу. АҚИҰ астық қоры ИЫҰ-ға мүше елдердің астық шаруашылығын болашақ өнім алу үшін қаржыландырады деп күтілуде.

ИЫҰ-ға мүше мемлекеттерде құрғақ және жартылай құрғақ климаттың басым болуында өңірде ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын басқару мәселелерін шешу маңызды мәнге ие.

Жиын барысында су ресурстарын тиімді басқару және заманауи ирригациялық жүйелерді енгізу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге  назар аудармақ.

Сондай-ақ, Бас Ассамблея «Qurbani Meat» бастамасының тұжырымдамасын қарастыруды ұсынды. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Хатшылығы әлемнің кез келген нүктесінен АҚИҰ міндеттерін табыстау арқылы құрбандық шалуға, атап айтқанда құрбандыққа шалынған малдарды союға және мұқтаж адамдарға ет таратуға мүмкіндік беретін халықаралық онлайн-платформа құру туралы идеяны алға тартты.

Сессия соңында қатысушылар қарарға қол қойды, сондай-ақ АҚИҰ IV Бас Ассамблеясының өтетін күні мен орнын анықтады. Қабылданған шешім бойынша алқалы жиын 2021 жылы Қазақстанда өтеді.

АҚИҰ Бас Ассамблеясының III сессиясына ИЫҰ елдерінен 150-ден астам қатысушы, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлері, халықаралық ұйымдардың басшылары, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне жетекшілік ететін тұлғалар қатысты. Қатысушы елдер мен халықаралық ұйымдардан АҚИҰ-ның алдағы жұмысында ескерілетін көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/131681?lang=kk