Mon, 11/30/2020 - 10:44
Новости

Түркістан облысының Сайрам ауданында жаңбырлатып суару үшін қолданылатын арнайы техникалар жасау басталды. АҚШ-тан әкелінгенге жабдықтарға ұқсас техниканы «Kaspy Construction» ЖШС шығарады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңбырлатып суар жабдықтарын шығаратын компания тас үгітетін және егін жинайтын өндіріс ашуда. Сонымен қатар, серіктестік басшылығы Түркістанда жаңбырлатқыш қондырғылар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл техника суды үнемдеуге және маусымда өнімді төрт есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімдігі жаңбырлатып суару технологиясын  жыл соңына дейін 13 мың гектар алқапқа қолданатынын хабарлап отыр. Аталған технология суды 2 есеге үнемдеуге және өнімділікті 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бір алқаптан жылына 2-3 есеге дейін жоғары өнім алуға болады,  облыс диқандары жақсы пайда түсіруді көздеп отыр. Жалпы 5,2 мың гектар алқаптан 220 мың тоннаға жуық өнім жиналды және орта есеппен бір гектардан 5 миллион теңге пайда түседі.

Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/novosti/selhoztekhnika/3424-analog-amerikanskoj-dozhdevalnoj-tekhniki-proizvodyat-v-turkestanskoj-oblasti