Mon, 11/09/2020 - 16:41
Новости

Қазақстанның астық қабылдау кәсіпорындарына 6 қарашаға дейін барлығы 5 миллион 677 мың 155,3 тонна астық жиналды.

Ұзақ мерзімге  сақталатын қордың ең көп үлесі Ақмола облысына тиесілі - 2 миллион 717 мың 364 тонна. Солтүстік Қазақстан облысында 1 миллион 261 мың 146 тонна, Қостанай облысында - 1 миллион 172 мың 959 тонна толтырылды.

Жалпы астық көлемінің ішінде жұмсақ бидай 4 миллион 315 мың 163,6 тоннаны құрады. Оның көп бөлігі 3 деңгейлі астық - 79,9%. (2019 жылы бұл үлес 52% құрады).

Сондай-ақ, жұмсақ бидайдың аз бөлігі 1,3%-ы 2-ші сыныпқа жатады.

Жиналған астық арасында төмен сападағы бидайда аз мөлшерде бар - қордың 11,7%-ы 4-ші сыныпқа, ал 4,4% - 5-ші сыныпқа жатады. Ешқандай сұрыпқа жатпайтын бидай көлемі -2,8%.

Қазақстанда элеваторларға жұмсақ бидайдан басқа 200 мың 484,0 тонна қатты бидай, 803 мың 331 тонна арпа, 35 мың тонна күріш, 323 мың 176,7 тонна басқа да дәнді дақылдар құйылды.

Ақпарат көзі: https://eldala.kz/kz/novosti/ehlevatory/3147-pochti-80-pshenicy-na-ehlevatorah-rk-otneseny-k-3-klassu