Tue, 09/22/2020 - 19:16
Новости

Қазіргі күні еліміздегі астық алаңының 93,4 пайызы жиналып, қамбаға 18 млн-нан астам астық бастырылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Үкімет отырысында биыл егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары екенін және гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жиналғанын мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3,0 млн. тонна астық түсті, бұл 2019 жылғы осындай мерзімде астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға келіп түскен астық көлемінен 2,1 есе көп.

«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді», - деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ, ҚР АШМ басшысы отандық бидай мен ұн қай елдерге экспорталатынын атап өтті.

«Жаңа маусымда қазақстандық бидай мен ұнның негізгі жеткізілімдері дәстүрлі түрде Орта Азия елдері мен Ауғанстан нарығына жолданатын болады», - деді С.Омаров.

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/101018?lang=kk