Thu, 07/16/2020 - 19:58
Новости

2020 жылдың 15 шілдесінде online режимінде Корея Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік саясат департаменті, Корея Республикасы Ауыл шаруашылығы технологияларын коммерцияландыру және енгізу қоры, Корей сауда-инвестициялық агенттігінің конвергенттік технология тобы және Корея Республикасының бірқатар жетекші ғалымдары өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.

Оnline кездесудің мақсаты – ҚазҰАУ оқу-өндірістік шаруашылығы аумағында (Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ ауылы) корей технологиясы бойынша «ақылды» смарт-жылыжай құрылысы мәселелерін талқылау, алдағы мақсат міндеттерді бірлесіп қарастыру.

Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы технологияларын коммерцияландыру және енгізу қоры 2021 жылы Қазақ ұлттық университеті базасында алаңы 10 000 м2 (1га) Оңтүстік Кореялық инновациялық технологиясы бойынша «ақылды» жылыжай салуға 1,5 млн. доллар инвестиция құюда.

Жаңа озық жылыжай технологиялары бойынша «ақылды» жылыжай салу жас кадрларды (бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды) даярлау және жылыжай шаруашылығы мамандарын оқыту және қорғалған топырақта көкөніс өсіру бойынша білім беру үшін маңызды.

Корея Республикасының Ауыл шаруашылығы технологияларын коммерцияландыру және енгізу қорының өкілі Kim Jong Heon корей тарапы қазіргі пандемия жағдайында да жылыжайды салуға дайын екендігін атап өтті.