Tue, 06/09/2020 - 23:22
Новости

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының ғалымдары малды некробактериоз ауруынан қорғайтын екі вакцинаны ойлап шығарды. Отандық ғалымдардың өнімдері қазір қолданыста, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Екі препараттың бірі - ірі қара мен ұсақ малдың некробактериоз ауруына қарсы вакцинасы болса, екіншісі - некробактериоз бен сирақтың ісінуіне қарсы аралас вакцина. Аталмыш вакциналарды шаруа қожалықтар қазіргі таңда кеңінен пайдалануда.

«Препараттың тиімділігін арттыру үшін оны дайындаған кезде жергілікті ауру қоздыратын эпизоотикалық шөптер қолданылды. Аталмыш препараттар сау малмен бірге, ауру (ақсақ) малға да пайдалануға болатындай технологиямен жасалған. Малдың түрлеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл вакциналардың иммуногендігі жоғары екенін көрсетті. Олардың аурулардың алдын алу тиімділігі 85,7 пайыздан 98,9 пайыздық көрсеткішке ие. Шаруа қожалықтар үшін бұл вакциналар қымбатқа түспейді», - деп хабарлайды «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ баспасөз қызметінен.

Малдың тұяғы немесе сирағында кездесетін ауру шаруа қожалықтарға айтарлықтай шығын келтіреді. Бұл аурулар малдың сүттілігін 25-тен 50 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. «Ірі қара малдың сирағына көп кездесетін патология – некробактериоз, ал ұсақ малда көбінесе сирақтың ісінуі көп кездеседі. Бұл ауруларды кешенді түрде ерте бастау керек», - делінген хабарламада.

Ақпарат көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-galymdar-auyl-sharuashylygy-salasynda-2-vakcina-oylap-tapty_a3659815