Новости

Құрметті қазақстандықтар!
Отан қорғаушы күніне арналған құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл мереке – батырлық пен табандылық, Отанға деген шексіз адалдықтың нышаны. Қай кезде болмасын, туған жерді қорғау - ел азаматының қасиетті борышы. Осы аса жауапты істен тыс қалмаған барлық азаматтар мен азаматшаларды бүгінгі мейраммен шын жүректен құттықтаймын.
Дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Басқарма Төрағасы
Төлеутай Рақымбеков