вт, 03/31/2020 - 19:31
Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен үзінді

Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы жүргізу өте маңызды.

Бюджеттен 70 миллиард теңге бөлініп, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы фермерлерге жеткізіледі. Қарыз алушылар үшін мөлшерлеме 5%-дан аспайды.

Осы мақсаттарға «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қосымша 100 миллиард қаржы салуды тапсырамын. Осы бағдарлама бойынша мөлшерлеме барлық салаларға біріздендірілген, яғни 6% құрайды.
Біріншіден, шағын және орта шаруа қожалықтарын қолдау қажет.
Сонымен қатар, Үкіметке ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасын литріне 165 теңгеге немесе нарықтық бағадан 15%-ға дейін төмендетуді тапсырдым.
Ол үшін арзандатылған бағамен шамамен 390 мың тонна дизель отыны бөлінеді.

Арзандатылған отын фермерлерге жетуі керек.
Жеткізуді жүзеге асыратын «операторлардың» жұмысы толығымен ашық болуы тиіс.

Үкімет пен Бас прокуратура өңірлерде тиісті бақылауды қамтамасыз етуі керек.

Карантин жағдайында күрделенетін бірқатар проблемалар бар - халыққа қызмет көрсету орталықтарында кепіл мүлкін тіркеу, нотариалды куәландыру, қосалқы бөлшектерді сатып алу және т.б.
Сондықтан көктемгі дала жұмыстарының мәселелері Үкімет пен әкімдіктердің ерекше бақылауында болуы керек.

Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда қазір әр күніміз маңызды.

Ақпарат көзі: 

https://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_statements_and_congratulations/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-malimdemesi