сб, 03/28/2020 - 19:54
Новости

Әлемді жайлаған коронавирустың пандемия деп тіркелуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміз бойынша төтенше жағдай енгізіп, Нұрсұлтан, Алматы қалаларында карантин жариялағаны белгілі.  

Осыған сәйкес бүгінде Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын сақтау жолында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Барлығымыздың қауіпсіздігіміз үшін қала әкімдігі тарапынан жасалып жатқан шұғыл шараларға Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы да барынша қолдау көрсетуде.

Бүгін ҚазҰАУ ұстаз-ғалымдарынан құралған волонтерлардың күшімен жатын-орындары әзірленіп, ретке келтірілген №10 «Ақ қайың» студенттік үйіне қаланың 210 медицина қызметкері орналасуды бастап кетті.

Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында профилактикалық шараларды күні-түні іске асырып жатқан медицина қызметкерлеріне үлкен сенім мен жауапкершілік артылып отыр. Сондықтан олардың жағдайын жасап, барынша қолдау көрсету-баршамыздың азаматтық борышымыз. 

#Біргеміз! жалпыұлттық акциясы аясындағы мұндай ізгілікті істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі: https://www.kaznau.kz/page/news/?link=meditcina_kyzmetkerleri_studentter_uiine_ornalastyryluda_1998&lang=kz