пт, 02/14/2020 - 13:36
Новости

Қазақстандағы жемдік дәнді дақылдар бойынша жетекші селекционер, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы

ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері

Сариев Бөрібай Сарыұлы 80 жаста!

 

Сариев Бөрібай Сарыұлы – Биология ғылымының докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі.

Сариев Б.С. 1940 жылы 13 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылында туған. Ол 1959 жылы орта мектепті бітіргеннен соң 1959-1960 жылдары «Ленин» атындағы колхозда жұмыс істеді. 1966 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факультетін үздік бітіріп, биология факультетінің ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша аспирантурада қалды. 1966-1969 жылдары ол С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факультетінде аспирантурада оқыды. 1969 жылы аспирантураны бітіріп кандидаттық диссертацияны қорғаннан соң, оны ҚазССР жоғарғы оқу Министрлігінің жолдамасы бойынша «Н.К. Крупская» атындағы Семей педагогикалық институтына жұмысқа жібереді. 1970 жылы билогия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне, 1973 жылы доцент атағына ие болды. Сариев Б.С. бұл институтта 1969-1970 жылдары аға оқытушы, 1971 жылы доцент, 1972-1979 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылдарда ол орта мектепке биология және химия пәндерін оқытатын 1000-нан астам мектеп мұғалімдерін дайындауға өз үлесін қосты.

         1979 жылдан қазіргі уақытқа дейін Сариев Б.С. Қазақ егіншілік және өсімдік шарушылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде: 1979-1980 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1981-1982 жылдары топ меңгерушісі, 1982-2018 жылдары бөлім меңгерушісі, қазіргі уақытта институттың бас ғылыми қызметкері. Осы жұмыстармен қатар 1986-1989 жылдары ғылыми жұмыс бойынша директордың орынбасары, 1999-2002 жылдары Ұлттық Аграрлық зерттеу академиялық орталығында ғылыми хатшы және академик хатшы қызметтерін атқарған. 1996 жылы биология ғылымының докторы дәрежесі берілді. 1997 жылы ҚР АШҒА корреспандент-мүшесіне сайланды, 1998 жылы профессор атағы берілді, 2009 жылы ҚР АШҒА толық мүшесіне сайланды.

Б.С. Сариев арпа және сұлы селекциясының теориялық және тәжрибелік негіздерін жасады. Қазақстанда жемдік дәнді дақылдар селекциясының ғылыми мектебін құрды. Селекциялық жұмыстарының нәтижесінде Мемлекеттік сорт сынақ комиссиясына арпа мен сұлының 35 сортын тапсырды. Олардың арасында арпадан 15, сұлыдан 6 сорт аудандастырылып, кәзіргі таңда Қазақстанның 9 облысында және Қырғызстанның 4 облысында егістікке пайдаланылуда.

Соңғы жылдары Б.С. Сариевтың жетекшілігімен күздік арпаның Айдын (2013), жаздық арпаның Сәуле (1991), Жұлдыз (1993), Арна (1997), Бота (1997), Әсем (2000), Север 1 (2001), Тұран-2 (2005), Ақжол (2006), Илек 9 (2007), Жан (2009), Сымбат (2011), Сыр Аруы (2011), Кұралай (2011), Каз-Суффле (2012), Ұлар (2015), Илек 36 (2016), сұлының Бәйге (2010), Аламан (2011), Жорға (2011), Құлан (2015), Дөнен (2018), Сырғалым (2020) сорттары шығарылып өндіріске енгізілді.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы жаздық арпаның АРНА сортының Қазақстандағы егіс көлемі 500 мың гектардан асты.

Б.С. Сариев баспасөз бетінде 300-ден астам ғылыми жұмыстар жариялады. Оның ішінде: 4 монография, 22 патент, 2 кешенді бағдарлама, 6 нұсқау, 6 тәсіл, 6 каталог, 2 жарнама, 2 анықтама, 2 ССРО, 19 Қазақстан Республикасы, 5 Қырғызстан Республикасының авторлық куәліктеріне ие.

Марапаттары: Ұлттық аграрлық зерртеу орталығының құрметті грамотасы (2000 жыл), Білім және Ғылым министрлігінің құрметті грамотасы (2003 жыл), АҚ «КазАгроИнновацияның» құрмет грамотасы (2010 жыл),  ҚР ауыл шарашылық министрлігінің құрметті грамотасы (2010-2014 жылдары), ауыл шаруашылық академиясының құрметті грамотасы (2014 ж), "Енбек ардагері" медалінің иегері (2015 ж).

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарығаш ауданының құрметті азаматы (2013 ж.).