пн, 02/10/2020 - 16:11
Новости

6-7 ақпан күндері Германияның Нюртинген қаласында (Нюртинген-Гайслинген университеті) SAGRIS жобасының басқарушы комитетінің бірінші отырысы өтті.
Ұлттық аграрлық ғылыми және білім беру орталығы Еуропалық Эразмус+КА2 одағындағы «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйесі (SAGRIS) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» халықаралық жобасы бойынша серіктес.
SAGRIS жобасы Қазақстан мен Ресей Федерациясында тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйесі саласындағы зерттеулерге сұранысты қанағаттандыру үшін жас ғалымдардың әлеуетін арттыруды көздейді. Жобаның нәтижелері жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тартымдылығын және сапасын арттыруға қызмет етеді.
ҰАҒБО атынан бірінші отырысқа орталықтың Жоғары білім департаментінің бас менеджері Анаркүл Тұрсынбаева қатысып, ҰАҒБО-ның қызметі мен жобалары туралы презентация өткізді. Айта кететін жайт, ҰАҒБО ғылыми-зерттеу институттары аспиранттар үшін жаңа модульдерді әзірлеуге, докторанттарға ғылыми-зерттеу және әдіснамалық қолдау көрсетуге және зерттеулер жүргізуге қатысады.
ҰАҒБО SAGRIS жобасының желілік серіктестігіне белсенділік танытуда, жобаның «кең» тұрғыдағы конференцияларына және докторантураны дамыту бойынша стратегиялық құжатты әзірлеуге қатысып, сондай-ақ әзірленген стратегияны сараптамалық бағалауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, ҰАҒБО жиналған тәжірибені жүйелеп, оны сапаны қамтамасыз етуде пайдаланады:
1) докторанттар мен ғылыми жетекшілердің зерттеу тақырыптары бойынша консультация жүргізу;
2) бағалау мен аккредиттеуден өтетін үшінші циклдің білім беру бағдарламалары үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) докторанттар мен ғылыми жетекшілердің зерттеу нәтижелерін енгізу және оларды өңірде қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу.
ҰАҒБО Қазақстан ғалымдарының халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға қатысуына және Scopus және WoS деректер базасында аспиранттардың баспа белсенділігін арттыруға, сондай-ақ жоба нәтижелері мен әзірленген бағдарламалардың таралуына ықпал етеді.
Жоба халықаралық сапа стандарттарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған және ұлттық, өңіраралық және халықаралық маңызы бар тақырыптар – тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ агрожүйесі саласындағы білім деңгейін арттыруды мақсат етеді.
Жоба консорциумы:
EО – бағдарламаны қолдаған елдердің ЖОО-лары
1. Нюртинген-Гайслинген университеті -HfWU (координатор)
2. Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті -WULS
3. Чехия жаратылыстану ғылымдары университеті-CULS
4. Тропик және субтропиктердегі неміс ауыл шаруашылығы институты (Витценхаузен) - DITSL
5. Эстония жаратылыстану ғылымдары университеті, Тарту-EM

РФ – бағдарламаның серіктес елдерінің ЖОО-лары
6. Ставрополь мемлекеттік аграрлық университеті – СтГАУ/SSAU
7. Новосибирск мемлекеттік аграрлық университеті НГАУ/NSAU
8. Бурят мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы БГСХА/BSAA
9. Якутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы ЯГСХА/YSSA
   
          ҚР – бағдарламаның серіктес елдерінің ЖОО-лары
10. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан-ҚАТУ/ KATU
11. Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы – ҚазҰАУ/КazNAU
12. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті, Орал-БҚАТУ / WKATU
13. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті -КММ / ABKSU

Серіктес елдердегі ғылыми-зерттеу ұйымдары және кеңес беруші серіктестер
14. Кәсіби-қоғамдық аккредиттеу ұлттық орталығы (NCPA), Ресей
15. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, (IAAR), Қазақстан
16. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, (НАНОЦ/NASEC), Қазақстан
17. Ресей Ғылым академиясы (ресейлік ғылыми-зерттеу институттарын қоса алғанда) - RAN