Төрешев Орынбек (1930-2019) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор.
Төрешев Орынбек – еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тұрақты суармалы жерлерді ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері мен практикалық ұсыныстарын әзірлеуге 50 жылдан астам уақытын ғылыми қызметке арнаған республиканың жетекші ғалымдарының бірі. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысы үшін суармалы егіншілікті жүргізудің ғылыми негіздері әзірленді, олар Алматы, Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылығын жүргізу жүйелері бойынша ұсынымдардың негізіне алынды.
Төрешев Орынбек 1930 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол далалық дақылдардың бағдарламаланған өнімдерін алудың қарқынды технологиялары бойынша зерттеулердің бастамашылары мен ұйымдастырушыларының бірі болып табылады, олардың нәтижелері бойынша нақты алаңның ерекшеліктерін, қалыптасқан ауа райы жағдайларын, шаруашылықтардың материалдық-шикізат мүмкіндіктерін ескере отырып, өнімділіктің әр түрлі деңгейлеріне технологиялық модельдер әзірленді, олар жыл сайын 310-370 мың га алаңда қолданыс тапты.
Төрешев Орынбек 1994 жылы көпжылдық ғылыми зерттеулерді жинақтау негізінде «Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс аймағының суармалы жерлерінің өнімділігін арттырудың ғылыми негіздемесі» тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша қазіргі жағдайдағы АӨК-нің шаруашылық жүргізудің кез келген нысандары үшін суармалы егіншілікті биологияландыру бойынша ғылыми негіздер мен практикалық ұсыныстар әзірленуде.
Төрешев О. 140-тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 3 монография, суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері бойынша 30 ұсыныс жарияланды. 19 кандидат және ауыл шаруашылығы ғылымдарының 4 докторын дайындады. Ол «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ерлігі үшін», «Еңбек үздігі», «Еңбек ардагері» медальдарымен, екі қола медальге ие. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.