пт, 01/17/2020 - 18:10
Новости

2020 жылдың 16 қаңтарында Дариға Назарбаеваның қатысуымен ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің агросаясат бойынша отырысы өтті.

Жиында баяндама жасаған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев басқарып отырған университет ғалымдарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және ғарыштық мониторинг көмегімен егін жинауды бақылау бойынша жұмысының оң нәтижелері туралы айтып берді. Мұндай қызметтерді кейбір жергілікті атқарушы органдар пайдалана бастаған. «Бұл нақты мәліметтерге қол жеткізумен қатар қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ректор.

Отырыста жоғары оқу орындарының түлектері мен жоғары білікті мамандарды бекіту тақырыбын талқылау барысында А. Күрішбаев шағын шаруа қожалықтарын кооперациялауды оңтайлы шешім ретінде ұсынды. Егер заманауи кадрларға жеке-дара ахуал туғызу қиындыққа әкеліп соқса, онда фермерлер кадрларды қалыпты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ете алады, деп есептейді А. Күрішбаев.

2012 жылдан бастап ҚазАТУ QS World University Rankings агенттігінің университеттерінің әлемдік рейтингісінің нәтижелері бойынша әлемнің 800 үздік университеттерінің қатарына кіреді. ҚР ЖОО-ның Ұлттық рейтингісінде ҚазАТУ 20 жоғары оқу орындарының арасында 3-ші орынға ие болды.

 «UC Davis жетекші профессор - кеңесшілерімен ынтымақтастықта КазАТУ-ды Батыс типті аграрлық зерттеу университетіне айналдыру бағдарламасы әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша біз ҚазАТУ-ды әлемдік деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыруға кірістік», - деді А. Күрішбаев.