вс, 01/12/2020 - 15:41
Новости

 «Ай Сәуле» атаулы сояның жаңа сұрпы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС («ҚазЕжӨ ҒЗИ» ЖШС) интродукцияланған популяциядан Luna сұрпын жеке іріктеу әдісі негізінде шығарылды.

Сұрыптың авторлары – С. В. Дидоренко, М. С. Құдайбергенов, А. В. Агеенко, А. И. Абугалиева.

 

Сұрыптың морфологиялық сипаттамасы: Өсімдіктің биіктігі 100-110 см. Төменгі бұршақтардың бекітілу биіктігі – 12-15 см. Өсу түрі – жартылай детерминантты. Мамықтануы – сұр түстес. Гүлдің түсі - күлгін. 1000 тұқым массасы 165-170 г. Тұқымның түсі - сары, беті тегіс, күңгірт. Тұқымкіндігі - сары.

Сапалық сипаттамалары: орташа-кеш жетілу тобына жатады (пісу тобы II), вегетациялық кезеңі 135-140 тәулік. Астық өнімділігі 50-60 ц/га, дәндегі ақуыз мөлшері – 38,7%, май мөлшері-23,4%. Жапырылмайды. Сұрып Алматы облысында егілуге жарамды.