сб, 01/11/2020 - 15:31
Новости

Сояның перспективалы сұрыптары туралы тақырыпты жалғастыру мақсатында бүгін сіздердің назарларыңызға «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС ғалымдары шығарған «Перизат» атты жаңа сұрыптарының бірін ұсынамыз.

 

«Перизат» сұрпы Дельта/Виланның гибридті популляциясынан жеке іріктеу әдісімен ҚазЕжӨ ҒЗИ-де шығарылды.

 

Авторлары – Ю. Г. Карягин, С. В. Дидоренко, М. С. Құдайбергенов, Р. А. Уразалиев және С. Б. Рамазанова.

 

Сұрыптың морфологиялық сипаттамасы: өсімдіктің биіктігі 95-105 см. Төменгі бұршақтардың бекітілу биіктігі 10-12 см. Өсу түрі – жартылай детерминантты. Мамықтануы – сұр түстес. Гүлдің түсі – күлгін. 1000 тұқым массасы 165-170г. Тұқымның түсі – сары, беті тегіс, күңгірт. Тұқымкіндігі - сары.

 

Сапалық сипаттамалары: ортажетілу тобына жатады (пісу тобы I), Алматы облысындағы вегетациялық кезеңі – 117-120 тәулік. Астық өнімділігі 30-35 ц/га, дәндегі ақуыз мөлшері – 41-42%, май мөлшері – 19,2%. Жапырылмайды. Сұрып Алматы облысында пайдалануға рұқсат етілген.