вт, 12/31/2019 - 16:48
Новости

Бүгінде Қазақстанда 31 млн. астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

 2019 жылы Қазақстанда мал мен құс өндірісінің көлемі артқан. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 7,3 млн. бас ірі қара мал (2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3 %), 17,5 млн. астам қой (102,2%) және 886 мың шошқа (103,7%) бар.

Жылқы саны елімізде 2,7 млн. (108,2%), түйе – 217 мың (106,9%), құстар - 47,5 мың (105%) құрайды.
 

Сонымен қатар, Қазақстанда 2 млн. 337 мың ешкі бар, алайда аталмыш жануардың бұл түрі бойынша кері өсім (99,4%) тіркеліп отыр.
 

Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 1,7 млн. тонна мал мен құс сойылды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5 пайызға артық.
 

Сондай-ақ, Қазақстанда 5,5 млн. тонна сиыр сүті (103,2%) және 5,8 млн. тауық жұмыртқасы (99,3%) өндірілген.

Ақпарат көзі: https://moa.gov.kz/post/661