чт, 10/24/2019 - 18:43
Новости

23 қазан күні Астанадағы “Көрме” орталығында “KazAgro-2019” және “KazFarm-2019” халықаралық көрмелері басталды. 

Көрменің ашылу салтанатының лентасын Қазақстанның қаржы вице-минстрі Руслан Еңсебаев, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Қайрат Лама Шариф қиды.

адамдар

14 мың шары метрді құрайтын көрмеде шамамен 300-ден астам компания бас қосқан. Көрмеге Австрия, Беларусь, Қытай, Венгрия, Германия, Дания, Индия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Латвия, Литва, Нидерланды, Ресей, Словакия, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Финляндия, Швейцария, Швеция және Эстония елдері қатысып жатыр.

катысушылар

“Бұл көрме – түрлі ақпараттың қайнар көзі және ұзақ мерзімді іскерлік қатынастар табуға, барлық қатысушыларға өздері туралы айтуға, елдердің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға мүмкіндік береді”, – деді ExpoGroup көрме компаниясының басшысы Шолпан Қожабаева.

Ақпарат көзі: Kazaknews.kz