пн, 07/29/2024 - 12:26
Новости

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен А. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығында "Климаттың өзгеруі жағдайында астықтың тұрақты өндірісі" тақырыбында дала күні өтті. Шараға шаруа қожалықтары,  ауылшаруашылық техникасы мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін тасымалдаушы компаниялар және мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Кездесуге арнайы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Бекбауов Бағлан Әбдрашымұлы және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы төрағасының м. а. Айтаханов Ерлан Қуанышұлы қатысты. Сондай-ақ Италия, Словения және Қытай елдерінің ғалымдары келді.

Дала күні шарасы аясында 267 бағдарламасы аясында білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыруға арналған оқыту семинары өтті. Онда климаттың өзгеруі жағдайында дәнді, майлы және бұршақты дақылдарды өсіру технологиялары, сондай-ақ өндірістің әлеуеттілігімен мен тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Сарапшы Ақшалов Қанат Ашкеұлы, адаптивті және агроланд ландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушісі, өз презентациясында климаттың өзгеруі жағдайында егіншілік жүйесінің негізгі бағыттарын ұсынды. Онымен бірге өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі Кочоров Абдумамат Сүлейманұлы өз сөзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ауруларымен, зиянкестерімен және арамшөптермен күрес тәсілдері жайында пікірімен бөлісті.

Қатысушыларға ғылыми өндіріс орталығының тәжірибелік алқаптарында егін өсірудің инновациялық технологиялары таныстырылды. Селекционерлер өздерінің селекциялық жобалары негізінде құрылған дәнді, дәнді-жемдік, дәнді-бұршақты, майлы, жарма және жемшөп дақылдарының сәтті жүзеге асқаны туралы баяндап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Дала күні тұрақты агроөнеркәсіп өндірісі саласында табысқа қол жеткізу үшін, әсіресе климаттың өзгеруімен сипатталатын жағдайларда заманауи ғылыми білім мен практикалық тәжірибені біріктірудің маңыздылығын көрсетті.

НАНОЦ