Бүгін «ҰАҒББО» КеАҚ комплаенс-офицері Азамат Рахимбаев Қоғам қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ішкі тәртіпті сақтауға қатысты ескертпелерін жасап, сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2021 жылдың есебін талқылады.
Өткен жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 1037 қылмыстық іс тіркеген. Сөйтіп ауыл шаруашылығы саласының 19 қызметкері сотталған. Ведомства қаржылық ұрлықтың құйтырқы және жүйелік схемалары ашуға бар күшін салуда. Анықталған қылмыс түрлерін жіктейтін болсақ, бизнеске заңсыз жағаласу бабы бойынша 91 жағдай, экономиканың көлеңкелі субъектілерін жасыру бойынша 66 жағдай, жүйелік жемқорлық бойынша 82 жағдай анықталған.
Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агеттік ауыл шаруашылығын субсидиялау саласын саралаған. Нәтижесінде лауазымды тұлғалардың ойына келген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін қызметтік құзіреттіліктері анықталған. Ақпараттық жүйелер жетілдірілмеген. Мәліметтерді рұқсатсыз алуға, тіпті өзгертуге мүмкіндік береді. Соның осалдығынан малдардың саны мен жынысын өзгерту, тумаған төлдерге дербес нөмір беріп артық субсидия алу фактілері анықталған. Қылмысты шектеуге кедергі келтіретін себептер көп. Соның бірі сыбайлас жемқорлық туралы жауапкершілікті саналы түрде сезінбеуі. Жергілікті билік органдары мен министрліктегі мамандар бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсауын басқаша түсіндіру мүмкін емес.
Сондықтан агенттік квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерін үйлестіру жөніндегі агенттіктің құзыретін бекітуге қатысты заңнамалық түзетулерді әзірлеп, Президент Әкімшілігімен және Үкіметпен келіскен.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер 5 800-ден астам квазимемлекеттік сектор субъектілерінде құрылды. Комплаенс-офицерлер үшін "Самұрық-Қазына" корпоративтік университеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында 600-ден астам семинар өткізілді. Алайда, комплаенс-қызметтер сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне нақты ықпал ету үшін әлі жеткілікті дамымаған – деді Азамат Болатұлы.
Олардың алдын алу әлеуетін күшейту мақсатында заңнамалық норма қабылданды, оған сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет атқарушы органға, квазимемлекеттік сектор субъектісінің лауазымды адамдарына қарамастан өз өкілеттіктерін жүзеге асырады, Директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.